Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының "Киберқауіпсіздік туралы" Заңының 7-1-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 345) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "цифрлық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидалары.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
| Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 қазаны № 386/НҚ бұйрығына 1-қосымша |
Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Киберқауіпсіздік туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 345) тармақшасына сәйкес әзірленді және Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің (бұдан әрі – ИҚБШ) жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ аса маңызды цифрлық объектілер меншік иелерінің немесе иеленушілерінің жергілікті, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерін Интернетке қосуын байланыс операторлары ИҚБШ арқылы жүзеге асырады.
Заңның 30-бабының 3-тармағына сәйкес арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары – жедел мақсаттарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Интернетке қосуды ИҚБШ пайдаланбай ұйымдастыруы мүмкін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 26.04.2023 № 79/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) киберқауіпсіздік инциденті – цифрлық объектінің киберқауіпсіздігіне теріс әсер ететін оқиға немесе оқиғалар жиынтығы;
2) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;
3) веб-қосымшаларды қорғауға арналған желіаралық экран – шабуылдарды автоматты түрде анықтау және бұғаттау арқылы, тіпті Интернет-ресурстарды (бұдан әрі – ИР) деректерге рұқсатсыз қол жеткізуден және олардың модификацияларынан, сондай-ақ ИР-да сыни осалдықтар болған кезде де қорғау технологиясы;
4) веб-парақшаларды рұқсатсыз өзгертулерден қорғау – зиянкестердің ИР веб-парақшаларын түрлендіруін және бұрмалауын айқындауға, сондай-ақ автоматты режимде ИР-ді бастапқы жай-күйіне дейін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін технология;
5) ИҚБШ негізгі сертификаты – ашық кілтті қамтитын, бірақ онымен шектелмейтін және шифрлауды қолдайтын хаттамалары бар интернет-трафикті өткізу үшін ЕШДИ жабдығында қолданылатын сертификаттардың иерархиялық ағашының жоғарғы деңгейінде орналасқан арнайы форматтағы деректер жиынтығы;
6) ИҚБШ-ға қосылудың техникалық мүмкіндігі – байланыс операторларының байланыс арналарын ИҚБШ-ға қосу және байланыс операторларының трафигін ИҚБШ арқылы өткізу үшін қажетті, жұмыс істейтін техникалық құралдар мен байланыс құрылыстарының болуы;
7) ИҚБШ пайдаланушысы (бұдан әрі – Пайдаланушы) – жергілікті, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерін Интернетке ИҚБШ арқылы қосуы бар мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, квазимемлекеттік сектор субъектісі, аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иесі немесе иеленушісі;
8) өтінімдерді өңдеуге арналған жүйе (бұдан әрі – ӨӨЖ) – байланыс операторларынан және Пайдаланушылардан өтінімдер қабылдау үшін, https://support.sts.kz мекенжайы бойынша орналасқан ИР;
9) телекоммуникация желісі – коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кабельдік құрылыстардан (абоненттік жолдардан, жалғау жолдары мен байланыс арналарынан), беру жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. ИҚБШ жұмыс істеу тәртібі
4. Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – МТҚ) ИҚБШ-ны сүйемелдеуді жүзеге асырады, оның жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
ИҚБШ-ға қосылу үшін байланыс операторы мен Пайдаланушы арасында жасалған шарт негіз болып табылады.
Пайдаланушылар ИҚБШ-ға қосылғаннан кейін байланыс операторлары олармен ИҚБШ арқылы Интернетке қол жеткізу мәселелері бойынша бастапқы консультация өткізеді, кейінгі консультацияларды МТҚ жүргізеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Байланыс операторлары ИҚБШ-ға қосылуы үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТҚ-ға негізгі және резервтік арнасын ұйымдастырып, байланыс арналарын ИҚБШ қосуға өтінім жібереді.
6. ИҚБШ-ға қосудың техникалық мүмкіндігі болған кезде МТҚ өтінім келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде байланыс операторына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ИҚБШ-ға қосудың техникалық шарттарын (бұдан әрі – техникалық шарттар) жібереді.
7. Байланыс операторы техникалық шарттарды алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде ИҚБШ-ға қосылуға дайындығы туралы ресми хат арқылы МТҚ-ны хабардар етеді.
8. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 26.04.2023 № 79/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Байланыс операторы ИҚБШ-ға қосылудың барлық кезеңінде техникалық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді.
10. МТҚ ИҚБШ-ға қосылудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтінім түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде байланыс операторына себептерін көрсете отырып, өтінімнің қабылданбағаны туралы хабарлама жібереді.
11. Техникалық шарттардың талаптарына сәйкессіздіктер айқындалған жағдайда, байланыс операторы ИҚБШ-ға қосылудың анықталған сәйкессіздіктерін МТҚ-дан хабарламаны алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жояды.
12. Пайдаланушыларды ИҚБШ-ға қосуды байланыс операторлары жүзеге асырады.
12-1. Байланыс операторлары кемінде жарты жылда бір рет СОЗ арқылы ИҚБШ арқылы Интернетке қол жеткізу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларды жүргізетін жауапты тұлғалардың тізімін (олардың ұялы байланыс абоненттік нөмірлерін, электрондық мекенжайларын көрсете отырып) қалыптастырады.
МТҚ сұрау салуы бойынша байланыс операторлары бір жұмыс күні ішінде жауапты тұлғаны айқындайды және бірлескен техникалық іс-шараларды өткізу үшін МТҚ-ға оның байланыс деректерін ұсынады.
Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Байланыс операторы "IP-мекенжайлар каталогы" (https://catalog.sts.kz) ИР Пайдаланушылар туралы ақпаратты тұрақты негізде жаңартып отырады.
ИҚБШ жабдығында "IP-мекенжайлар каталогы""(https://catalog.sts.kz) ИР-да жоқ пайдаланушылардың IP-мекенжайларына анықталған кезде МТҚ байланыс операторына IP-мекенжайлардың деректер тізімін қоса бере отырып, электрондық пошта арқылы хабарлама жібереді.
Байланыс операторы МТҚ-дан хабарлама алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде "IP-мекенжайлар каталогы" АЖ-дағы IP-мекенжайлар тізімін өзектілендіреді.
Байланыс операторы көрсетілген мерзімде орындамаған кезде, МТҚ хабарландыруда көрсетілген IP-мекенжайлардан Интернетке қол жеткізуді бұғаттайды.
IP-адрестердан Интернетке қол жеткізуді ашу байланыс операторы деректерді өзектілендіргеннен кейін жүргізіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 26.04.2023 № 79/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Инцидент туындаған кезде байланыс операторы немесе Пайдаланушы support@sts.kz электрондық поштасы ӨӨЖ арқылы өтінім жіберіп, ол туралы МТҚ Кезекшілік қызметін ақпараттандырады.
15. Пайдаланушы жылына кемінде бір рет МТҚ-ға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген Цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сәйкес ИҚБШ жабдығында қолдану үшін ИР санаттарының тізімін және пайдаланушының телекоммуникация желілерінің желілік мекенжайларының тізімін ұсынады.
Пайдаланушы ӨӨЖ арқылы ИР санаттарының тізімін және пайдаланушының телекоммуникация желілерінің желілік мекенжайларының тізімін қоса бере отырып, заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінімді МТҚ-ға жібереді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 26.04.2023 № 79/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.15-1. МТҚ пайдаланушының сұрауы негізінде, оларға берілген ИР санаттарының тізімдеріне және телекоммуникация желілерінің желілік мекенжайларына сәйкес, ИҚБШ жабдығында ол үшін бір күнтізбелік жыл мерзімге Интернетке қажетті қолжетімділікті ашады.
Ескерту. Қағида 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 26.04.2023 № 79/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15-2. Пайдаланушының ИР санаттарының тізімі және телекоммуникациялар желілерінің желілік мекенжайлары негізінде ИҚБШ жабдығында Интернетке қажетті қолжетімділікті ашуға, сондай-ақ Пайдаланушы үшін киберқауіпсіздік қатерлері мен тәуекелдерін төндіретін жеке виртуалды желілерді (VPN) және өзге де желілік сервистерді пайдалануға байланысты сұрау салулары заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінімді СОЗ арқылы МТҚ-ға жіберу жолымен ресімделеді.
Ескерту. Қағида 15-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 26.04.2023 № 79/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.16. Интернет-ресурстар санаттарының тізімін және Пайдаланушының телекоммуникация желілерінің желілік мекенжайларының тізімдерін алғаннан кейін МТҚ он жұмыс күні ішінде ИҚБШ жабдығындағы тиісті саясаттарды қолданады және Пайдаланушыны жүргізілген іс-шаралар туралы хабардар етеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 26.04.2023 № 79/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Пайдаланушы ИР-ды қорғау жөніндегі шараларды іске асыру үшін ӨӨЖ арқылы веб-қосымшаларды қорғау үшін желіаралық экранға қосылу арқылы ИР-ды қосымша қорғау қызметін алуға өтінім жібереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қажетті деректерді (бұдан әрі – қосымша қорғау қызметін алуға өтінім) ұсынады.
МТҚ техникалық мүмкіндіктері болған және Пайдаланушыдан барлық қажетті деректерді алған жағдайда, МТҚ-ға қосымша қорғау қызметін алуға өтінім келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде веб-қосымшаларды қорғау үшін желіаралық экранға қосымша қорғау қызметін алуға өтінімде көрсетілген ИР-ды қосады. Қосылу тегін негізде жүзеге асырылады.
МТҚ веб-қосымшаларын қорғау үшін желіаралық экранға қосудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, қосымша қорғау қызметін алуға өтінім келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Пайдаланушыға себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдамау туралы хабарлама жібереді.
Пайдаланушы МТҚ-дан күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін өтінімді қабылдамау туралы хабарламаны алғаннан кейін ӨӨЖ арқылы қосымша қорғау қызметін алуға өтінімді қайта жібереді.
18. ИР веб-парақшалардың санкцияланбаған өзгерістерінен қорғау жөніндегі шараларды іске асыру үшін пайдаланушы ИР веб-парақшалардың санкцияланбаған өзгерістерінен қорғау жүйесіне аталған қызметті алуға МТҚ-ға ӨӨЖ арқылы өтінім жібереді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қажетті деректерді ұсынады.
МТҚ техникалық мүмкіндіктері болған және пайдаланушыдан барлық қажетті деректер мен қолжетімділікті алған жағдайда, қызметтерді алуға арналған өтінімде көрсетілген ИР-ды ИР веб-парақшаларының рұқсатсыз өзгерістерінен қорғау жүйесіне, көрсетілген өтінім МТҚ-ға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде ИР веб-парақшалардың рұқсатсыз өзгерістерінен қорғау жүйесіне қосады. Қосылу тегін негізде жүзеге асырылады.
МТҚ ИР веб-парақшаларының санкцияланбаған өзгерістерінен қорғау жүйесіне қосылудың техникалық мүмкіндігі болмаған кезде, ИР веб-парақшаларының санкцияланбаған өзгерістерінен қорғау жүйесіне қызметті алуға өтінім келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Пайдаланушыға себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдамау туралы хабарлама жібереді.
Пайдаланушы МТҚ-дан өтінімді қабылдамау туралы хабарламаны алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң өтінімдерді өңдеу үшін жүйелер арқылы ИР веб-парақшаларының санкцияланбаған өзгерістерінен қорғау жүйесіне қызметті алуға өтінімді қайта жібереді.
19. Пайдаланушы ИР пайдалануды тоқтатқан немесе ИР туралы мәліметтер өзгерген жағдайда (домендік атау, ИР IP-мекенжайы, Пайдаланушының жауапты жұмыскері, ИР техникалық сипаттамалары, ИҚБШ-ға қосуды жүзеге асыратын байланыс операторы) бес жұмыс күні ішінде МТҚ мекенжайына тиісті ресми хабарламаны немесе СОЗ арқылы ақпаратты жібереді. МТҚ ИҚБШ жабдығында қажетті ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындайды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Зиянды контентті уақтылы анықтау және оған қол жеткізуді шектеу үшін МТҚ ИҚБШ жабдығында Пайдаланушылардың шифрланған трафигіне талдау жүргізу бойынша тиісті техникалық іс-шараларды іске асырады, мынадай ИР және желілік хаттамалар санаттарын қоспағанда:
1) қаржы, банктер және білім беру;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдар;
3) сұлулық, денсаулық және медицина;
4) жеке ақпарат;
5) бейнеконференцбайланыс сервистері;
6) ақпараттық қауіпсіздік құралдары сигнатураларын жаңарту сервистері;
7) операциялық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды жаңарту сервистері;
8) бейнебақылау және бейнетрансляция үшін пайдаланылатын желілік хаттамалар мен қосымшалар;
9) бір немесе бірнеше ұйымдардағы желілік қауіпсіздік құрылғылары арасында деректердің байланыстылығын немесе синхрондалуын қамтамасыз ететін желілік хаттамалар;
10) сенім деңгейі жоғары ИР.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. ИҚБШ негізгі сертификатын МТҚ жасайды, байланыс операторларына жібереді және оның өзекті болуын қамтамасыз етеді. Жаңа негізгі сертификат жасалған кезде байланыс операторына хабарлайды.
22. Байланыс операторы өзінің пайдаланушыларына ИҚБШ-ның негізгі сертификатын береді.
23. Пайдаланушылар өздерінің жұмыс станцияларында ИҚБШ-ның негізгі сертификатын орнатады.
| Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан | |
| "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ кімнен ______________________ (ұйымның атауы) |
байланыс арналарын ИҚБШ қосуға ӨТІНІМ
Байланыс арналарын келесі өткізу қабілетімен:
__________________________________________________________________________
(өлшем бірлігі - 1 Гбит/с; ең төменгі шамасы – 1 Гбит/с)
_________________________________________________________________ мерзіміне
(ИҚБШ-ға қолжетімділік алудың жоспарлы мерзімі) қосуды сұраймыз.
Байланыс арналары бойынша деректерді, байланыс деректерін, құжаттарды беруге және ИҚБШ-ға қосылғанда бұзылмай тұрақты қосылу үшін жағдайлар жасауға міндеттенеміз.
_______________________________ (ұйым басшысының Т.А.Ә., қолы)
М.О. (болған кезде)
20____ жылғы "_____"_________________
| Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларына 2-қосымша |
ИҚБШ-ға қосудың № __ ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Объектінің атауы мен мекенжайы:
Байланыс операторының атауы: ______________________________
Белсенді жабдықты қосу нүктесі: __________________________
Түйістіру технологиясы: 10G, full-duplex, SM.
Қосу шарттары:
Бұзылмаудың тұрақты режимінде кепілді қызмет көрсету үшін негізгі және резервтік байланыс арнасын тәуелсіз физикалық арналар арқылы қосу қажет.
Оптикалық патчкордтарды өткізуге қойылатын талаптар:
1. Оптикалық сөрелер арасындағы оптикалық патчкордтарды (SC-LC) қолданыстағы металл құрастырылымдары бойынша гофрленген құбырда өткізу.
2. Оптикалық патчкордтардың (SC-LC) олардың тиесілігін анықтауға мүмкіндік беретін таңбалануы болу керек.
3. Оптикалық патчкордтарды өткізу бойынша жұмыстарды орындау алдында жұмыстарды МТҚ өкілімен келісу.
Жалпы мәселелер:
1. Техникалық шарттар күнтізбелік 60 (алпыс) күн жарамды болады.
2. Жұмыстар орындалмаған кезде, техникалық шарттарды растау және МТҚ-мен қайта келісу қажет. Жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын ұзартылмаған жағдайда, техникалық шарттардың күші автоматты түрде жойылады.
| Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан | |
| "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ кімнен _____________________ (ұйымның атауы) |
Веб-қосымшаларды қорғауға арналған желіаралық экранға қосу арқылы ИР қосымша қорғау қызметін алуға ӨТІНІМ
<<домендік аты>> ИР веб-қосымшаларды қорғауға арналған желіаралық экранға қосуды сұраймыз.
Тізім бойынша қажетті деректерді беруге міндеттенеміз:
№ | Қажетті деректер | Ескертпе |
1 | ИР домендік аты мен IP мекенжайы | |
2 | ИҚБШ арқылы Интернетке қосылуды ұсынатын байланыс операторының атауы | |
3 | Веб-сервердің нұсқасы көрсетілген атауы |
Ықтимал атаулары: IIS, Apache, Apache Tomcat, Netscape Enterpise Server, IBM Lotus Domino, Nginx, JBoss, IBM Websphere, Lighttpd, Caucho Resin, JRun Web server, WebLogic. |
4 | Теңестіру жүйесінің (болған кезде) нұсқасы көрсетілген атауы | Ықтимал атаулары: Keepalived, Nginx және т.б. |
5 | Дерекқорларды басқару жүйесінің (ДҚБЖ) нұсқасы көрсетілген атауы | Ықтимал атаулары: Oracle, MySQL, MSSQL, DB2, Sybase, PostgreSQL және т.б. |
6 | CMS контентін басқару жүйесінің нұсқасы көрсетілген атауы | Ықтимал атаулары: WordPress, Drupal, Struts, SharePoint |
7 | Https хаттамасы пайдаланылған кезде сертификат пен жабық кілті | Https хаттамасын пайдаланатын ИР қорғауды жүзеге асыру үшін |
8 | Қосымшалар серверінің (болған кезде) нұсқасы көрсетілген атауы | Ықтимал атаулары: Apache Tomcat, |
9 | Жауапты техникалық мамандардың байланыстары | ТАӘ, E-mail, жұмыс телефоны, мобильдік нөмірі |
_______________________________ (ұйым басшысының Т.А.Ә., қолы)
М.О. (болған кезде)
20____ жылғы "_____"_________________
| Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан | |
| "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ кімнен ______________________ (ұйымның атауы) |
ИР веб-парақ шаларын рұқсатсыз өзгертулерден қорғау жүйесіне қосу қызметін алуға ӨТІНІМ
<<Домендік аты>> ИР Интернет-ресурстардың веб-парақшаларын рұқсатсыз өзгертулерден қорғау жүйесіне қосуды сұраймыз.
Тізім бойынша қажетті деректерді беруге міндеттенеміз:
N | Қажетті деректер | Ескертпе |
1 | ИР домендік аты мен IP мекенжайы | |
2 | ИҚБШ арқылы Интернетке қосылуды ұсынатын байланыс операторының атауы | |
3 | Веб-сервердің нұсқасы көрсетілген атауы |
Ықтимал атаулары: |
4 | Теңестіру жүйесінің (болған кезде) нұсқасы көрсетілген атауы | Ықтимал атаулары Keepalived, Nginx және т.б. |
5 | Дерекқорларды басқару жүйесінің (ДҚБЖ) нұсқасы көрсетілген атауы | Ықтимал атаулары Oracle, MySQL, MSSQL, DB2, Sybase, PostgreSQL және т.б. |
6 | CMS контентін басқару жүйесінің нұсқасы көрсетілген атауы | Ықтимал атаулары WordPress, Drupal, Struts, SharePoint |
7 | Https хаттамасы пайдаланылған кезде сертификат пен жабық кілті | Https хаттамасын пайдаланатын ИР қорғауды жүзеге асыру үшін |
8 | Қосымшалар серверінің (болған кезде) нұсқасы көрсетілген атауы | Ықтимал атаулары Apache Tomcat |
9 | FTP және/немесе SSH хаттамалары бойынша ИР негізгі директориясына қолжетімділік | |
10 | Жауапты техникалық мамандардың байланыстары | ТАӘ, E-mail, жұмыс телефоны, мобильдік нөмірі |
11 | Сервердегі веб-ресурстың негізгі директория ssh, ftp, sftp хаттамалары бойынша оқу мен жазуға берілген рұқсатымен пайдаланушының есептік деректері (логин және пароль, қолжетімділік кілт бойынша пайдаланылатын жағдайда, авторандыруға арналған кілт) | Логин және пароль |
_______________________________ (ұйым басшысының Т.А.Ә., қолы)
М.О. (болған кезде)
20____ жылғы "_____"_________________
| Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 қазаны № 386/НҚ бұйрығына 2-қосымша |
"цифрлық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидалары
Ескерту. Қағидаларының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "цифрлық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Киберқауіпсіздік туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және "цифрлық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің (бұдан әрі – ЭПБШ) жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидалар мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иелеріне немесе иеленушілеріне қолданылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Өтініш беруші – Өтініш берушінің электрондық поштасын ЭПБШ-ға қосу қызметін алуға өтінім берген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, квазимемлекеттік сектор субъектісі, аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иесі немесе иеленушісі;
2) ЭПБШ пайдаланушысы (бұдан әрі – Пайдаланушы) – электрондық поштасының сыртқы электрондық поштамен электрондық өзара іс-қимылы электрондық хабарламаларды ЭПБШ арқылы қайта бағыттау жолымен жүзеге асырылатын мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, квазимемлекеттік сектор субъектісі, аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иесі немесе иеленушісі;
3) Сыртқы электрондық пошта – Өтініш берушінің ведомстволық (корпоративтік) электрондық поштасына жатпайтын электрондық пошта;
4) Өтінімдерді өңдеуге арналған жүйе (бұдан әрі – ӨӨЖ) – Өтініш берушілер мен Пайдаланушылардан өтінімдер қабылдау үшін https://support.sts.kz мекенжайы бойынша орналасқан интернет-ресурс.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. ЭПБШ-ның жұмыс істеу тәртібі
4. ЭПБШ жұмыс істеуі техникалық қолдап отыру жөніндегі іс-шараларды, өтініш берушілерді ЭПБШ-ға қосу және ЭПБШ мәселелері бойынша Пайдаланушылардың сұранымдарын/өтінімдерін өңдеу жөніндегі іс-шараларды қамтитын ЭПБШ қолдап отыру арқылы қамтамасыз етіледі.
5. "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – МТҚ) Заңның 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ЭПБШ-ны сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. МТҚ ЭПБШ жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
7. ЭПБШ-ға қосылу үшін Өтініш беруші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТҚ пошталық жүйені ЭПБШ-ға қосу қызметін алуға өтінімді (бұдан әрі – Өтінім) ресми хат немесе ӨӨЖ арқылы береді.
8. МТҚ өтінім алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Өтініш берушінің мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына, мемлекеттік заңды тұлғаға, квазимемлекеттік сектор субъектісіне, аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иесіне немесе иеленушісіне жататынын, сондай-ақ Өтініш берушінің электрондық поштасын ЭПБШ-ға қосудың техникалық мүмкіндігінің (жұмыс істеп тұрған техникалық құралдар мен байланыс құрылыстарының) бар-жоғын тексереді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Өтініш берушінің пошталық жүйесін ЭПБШ қосудың техникалық мүмкіндігі болған кезде, МТҚ өтінім келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Өтініш берушімен бірлесіп, пошталық жүйені ЭПБШ қосу жөніндегі техникалық іс-шараларды жүргізеді. МТҚ өтінім бойынша қолданылған шаралар туралы Өтініш берушіге хабарлама жібереді.
10. Өтініш берушінің пошта жүйесін ЭПБШ қосудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, МТҚ өтінім келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Өтініш берушіге себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдамау туралы хабарлама жібереді.
Өтініш беруші МТҚ өтінімді қабылдамау туралы хабарламаны алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң ӨӨЖ арқылы өтінімді қайта жібереді.
11. Пайдаланушының мәртебесі аталған субъектілер санатына жатпайтын өзге мәртебеге өзгерген жағдайда, Пайдаланушы пошта жүйесін ЭПБШ-дан ажырату қажеттілігі туралы МТҚ-ны ресми хатпен хабардар етеді. МТҚ Пайдаланушымен келісілген мерзімде пошта жүйесін ЭПБШ-дан ажыратуды жүзеге асырады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 23.06.2026 № 346/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. ЭПБШ-ға қосылған электрондық пошта жүйелері трафигінің штаттан тыс белсенділігі анықталған кезде МТҚ ЭПБШ-нің IP-мекенжайларын сенімсіз IP-мекенжайлар мен домендердің жаһандық базаларына енгізуді болдырмау мақсатында олардың жұмыс істеуін тоқтата тұрады, кейіннен электрондық пошта жүйесінің меншік иесін бұғаттау туралы хабардар етеді.
Ескерту. Қағида 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 26.04.2023 № 79/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| "Электрондық үкіметтің" электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларына қосымша |
|
| Нысан |
№ ___________
Күні _________
| "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ кімнен ______________________ (ұйымның атауы) |
пошта жүйесін ЭПБШ-ға қосу қызметін алуға ӨТІНІМ
Пошта трафигін ЭПБШ арқылы өткізуді сұраймыз:
__________________________________________________________________________
(ЭПБШ-ға қосылатын электрондық пошта доменінің, электрондық пошта
домені иесінің атауы және пошталық сервердің IP мекенжайы)
Электрондық пошта домені бойынша деректерді, байланыс деректерін, құжаттарды ұсынуға және ЭПБШ-ға қосылғанда бұзылмай тұрақты қосылу үшін жағдай жасауға міндеттенеміз.
Пайдаланушы тарапынан техникалық мамандардың байланыстарын (ТАӘ, мобильдік және жұмыс телефоны, e-mail) беру.
________________________________________________________________________
_______________________________ (ұйым басшысының Т.А.Ә., қолы)
М.О. (болған кезде)
20____ жылғы "_____"______________
