Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 01.07.2026 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 01.07.2026 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Әкімшінің оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 01.07.2026 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мыналардың:
1) "Оңалту және банкроттық рәсімдерінде уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық тәсіл арқылы қатысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 208 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9482 тіркелген, 2014 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 155 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10689 тіркелген, 2015 жылғы 4 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары - Қаржы министрі |
А. Смаилов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 432 бұйрығымен бекітілген |
Әкімшінің оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары
Ескерту. Қағидалары жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 01.07.2026 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әкімшінің оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылын электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 13-тармағына сәйкес әзірленген және әкімшінің оңалту және банкроттық саласандағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке кабинет – жүйені пайдаланушының автоматтандырылған жұмыс орны;
2) пайдаланушы – электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, ұсыну, іздеу және тарату процестеріне қатысатын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар;
3) цифрлық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, жинау, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған уәкілетті органның жүйесі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 01.07.2026 № 450 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Оңалту және банкроттық рәсімдеріне пайдаланушының электрондық тәсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру тәртібі
3. Пайдаланушының электрондық тәсілмен уәкілетті органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды пайдаланушының жеке кабинеті арқылы цифрлық жүйенің көмегімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 01.07.2026 № 450 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Пайдаланушы жеке кабинетке қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) алады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 01.07.2026 № 450 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Рұқсатты алғаннан кейін пайдаланушы уәкілетті органға сұраныс жолдап оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүргізуге қатысты ақпаратты (мәліметтерді) электрондық құжаттар нысанында одан алады.
6. Пайдаланушы электрондық құжаттарды коммуникациялық желі бойынша уәкілетті органға оларды тапсыру үшін Заңмен белгіленген мерзімнің соңғы күнінің төрт сағатынан кешіктірмей ұсынады.
7. Уәкілетті орган электрондық құжаттардың цифрлық жүйесі қабылдаған сәттен бастап пайдаланушыға ақпаратты (мәліметтерді) қабылдау немесе қабылдамау туралы электрондық хабарлама жібереді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 01.07.2026 № 450 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Уәкілетті органның функцияларына ЭЦҚ арқылы куәландырылған қол қойылған пайдаланушыдан электрондық құжатты қабылдау және өңдеу жатады.
9. Пайдаланушы:
1) уәкілетті органға электрондық құжаттарды ұсынады;
2) электрондық құжаттармен алмасу жүргізілетін өзінің жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
3) ЭЦҚ жеке жабық кілтінің сақталуын қамтамасыз етеді, оның жоғалуын, ашылуын, бұрмалануын және рұқсатсыз пайдаланылуын болдырмау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды;
4) бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзінің ЭЦҚ-ның жабық кілтін рұқсатсыз пайдаланудың немесе бұрмалаудың барлық жағдайлары мен күдігі туралы хабарлайды.
