Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 27.09.2022 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 07.04.2026 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 27.09.2022 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген |
Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 27.09.2022 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау тәртібі мен "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 07.04.2026 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тарапынан заңды тұлғаның мынадай жұмыстарды орындау құқығын ресми тану мақсатында жүргізіледі:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау;
3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;
4) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
5) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестаттауға жатады;
6) газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
7) сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу құқығына аттестаттауға жатады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.09.2025 № 429 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізілетін) бұйрығымен.3. Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен жүргізіледі.
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі-аттестат) беріледі.
5. Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 07.04.2026 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
6. "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес баяндалған.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 07.04.2026 № 149 (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.8. Портал өтінішті автоматты режимде қабылдауды жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орнындағы адамға (көрсетілетін қызметті берушімен белгілеген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) жолдайды, онымен жауапты орындаушы тағайындалады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 15.04.2025 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.9. Жауапты орындаушы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" № 299 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10188 болып тіркелген) (бұдан әрі – талаптар) қойылатын талаптарға көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қызметін жүзеге асыру орны бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі-аумақтық департамент) сұрау жолдайды.
Аумақтық департамент, өтінім аумақтық департаментте тіркелген күннен бастап, 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес қойылатын талаптарға сәйкестігіне рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасайды.
Көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алған кезде жауапты орындаушы осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.09.2025 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші тыңдау рәсімін жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мониторингісінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2025 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2026 № 149 (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрықтарымен.12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 07.04.2026 № 149 (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.13. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 07.04.2026 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы, ұзарту себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе цифрлық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 07.04.2026 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
| Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 07.04.2026 № 149 (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] |
Басшысына |
Өтініш нөмірі: [Нөмірі] |
|
ӨТІНІШ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат алу туралы _________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) |
|---|
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабын басшылыққа ала отырып, сізден "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат" беруді сұрайды |

| Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 07.04.2026 № 149 (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
"Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінде | ||
1 | Көрсетілетін қызметті беруші | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | - |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстар жүргізу құқығына аттестат не оны беруден дәлелді бас тарту |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліспен. |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Өтініш. |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары: |
| Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Нысан |
[Мемлекеттік органның атауы] |
| [Наименование государственного органа] |
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |
Нөмір: [Құжаттың нөмірі] | [Заңды тұлғаның атауы] | |
Өтініштің нөмірі: [Нөмір] | [Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] | |
Берілген күні: [Күн] | ||
|
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына АТТЕСТАТ [Мемлекеттік органның атауы], "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы ""Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" № 299 бұйрығымен бекітілген талаптарға өтініш берушінің сәйкестігі туралы қорытындыны есепке ала отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығы берілді: __________________________________________________________ (жұмыс түрі (-лері) көрсетіледі) Аттестатты қолданудың ерекше шарттары: аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.
![]() |
|---|
| Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
[Мемлекеттік органның атауы] |
| [Наименование государственного органа] | ||
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |||
Берілген күні: [күні] | [Заңды тұлғаның атауы] | |||
Нөмірі: [құжат нөмірі] | [Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] | |||
| ||||




