Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 10.03.2021 № 2/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға атаулы күндерге және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 9/34 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3783 болып тіркелген, 2014 жылғы 01 мамырда "Шамшырақ" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Алушылардың жекелеген санаттарына атаулы күндерге және мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері белгіленсін, атап айтқанда:
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп балалары бар көп балалы аналарға – 2,4 (екі бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;
9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне – 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сонымен қоса 5 (бес) АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;
жеңілдектер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, атап айтқанда:
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы ұрыс кимылдарына қатысқан Совет Армиясының әскери қызметшілеріне – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға, атап айтқанда:
қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ, жалпы сырқат салдары, еңбек жарақаты және басқа да себеп (заңға қарсысын есептемегенде) нәтижесінде мүгедек деп танылған қайтыс болған ҰОС қатысушыларының өзге некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 10 (он) АЕК мөлшерінде;
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (әрі қарай – КСРО) ордендерімен және медальдерімен марапатталған тұлғаларға – 10 (он) АЕК мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған тұлғаларға – 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
1 казан – Халықаралық қарттар күніне орай:
ең төмен мөлшердегі зейнетақы немесе жәрдемақы алатын зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларға, атап айтқанда:
жалғыз басты және жалғыз тұратын тұлғаларға – 1,2 (бір бүтін оннан екі) АЕК мөлшерінде;
80 жасқа толған және одан да асқан тұлғаларға – 2,3 (екі бүтін оннан үш) АЕК мөлшерінде;
қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:
мүгедектерге, атап айтқанда:
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 2,3 (екі бүтін оннан үш) АЕК мөлшерінде;
бірінші топтағы мүгедектерге – 2,3 (екі бүтін оннан үш) АЕК мөлшерінде;
екінші топтағы мүгедектерге – 2,3 (екі бүтін оннан үш) АЕК мөлшерінде.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрайымы | А. Жетыбаева |
| Аудандық мәслихатының хатшысы | Ғ. Арынов |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Павлодар облысының әкімі | Б. Бақауов |
| 2019 жылғы "18" қыркүйек |
