Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер" туралы Заңының 26 бабына сәйкес, Байнассай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байнассай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1 "Байнассай ауылының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-8-143 тіркелген, 2011 жылғы 22 желтоқсандағы аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі мәтінінде "өзгертілсін" сөзі "атауы берілсін" сөздерімен ауыстырылсын.
көрсетілген шешімінің орыс тіліндегі атауындағы "О наименовании улиц" сөздері "О присвоении наименований улицам" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде "Переименовать следующие улицы" сөздері "Присвоить наименование следующим улицам" сөздерімен ауыстырылсын.
2. "Байнассай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Байнассай ауылдық округінің әкімі | М. Мынжасаров |
