Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 22.11.2019 № 528 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 401 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округiне қарасты "Ескі ауыл" учаскесінде мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мауадиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкiмi | Д. Оразбаев |
