Ескерту. Күші жойылды – Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 16.01.2023 № 21/428-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аягөз ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Б. Кусагов |
| Аягөз аудандық | |
| мәслихат хатшысы | С. Искаков |
| Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 19/136-VI шешімінің қосымшасы |
Аягөз ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 14.05.2019 № 37/252-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық норма, 1 есептік бірлік текше метрге |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,50 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,60 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,08 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,75 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,29 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,11 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0005 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,30 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,12 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,60 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,03 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1м² | 0,06 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,008 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1м² | 0,08 |
14 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1м² | 1,06 |
Өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1м² | 0,24 | |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м² | 0,30 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1м² | 0,18 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1м² | 0,18 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1м² | 0,17 |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1м² | 0,14 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1м² | 0,18 |
21 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1м² | 0,95 |
22 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1м² | 0,26 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 3,26 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,30 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,26 |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 2,61 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1м² | 0,26 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1м² | 0,78 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 5,21 |
30 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1м² | 0,33 |
31 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,15 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 2,25 |
