РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2523, 2010 жылғы 1 ақпандағы "Дидар", 2010 жылғы 2 ақпандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына, "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5675) сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Сессия төрағасы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Головатюк |
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/216-VІ шешіміне қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері,* теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ертіс өзені бассейні | |||
1 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 тек.м | 106,5 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса | теңге /1000 тек.м | 305,9 |
3 | Ауыл шаруашылығы | теңге /1000 тек.м | 86,2 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге /1000 тек.м | 86,2 |
5 | Су энергетикасы | теңге /1000 кВт.сағ. | 32,2 |
6 | Су көлігі | теңге /1000 т. км | 11,8 |
Балқаш және Алакөл өзен мен көлдері бассейні | |||
7 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 тек.м | 98 |
8 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса | теңге /1000 тек.м | 270,4 |
9 | Ауыл шаруашылығы | теңге /1000 тек.м | 77,7 |
10 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге /1000 тек.м | 74,4 |
11 | Су энергетикасы | теңге /1000 кВт.сағ. | 28,7 |
12 | Су көлігі | теңге /1000 т. км | 8,5 |
