"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Мамлют ауданы мәслихаты | |
| сессиясының төрағасы | Қ.Қасенов |
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Мамлют ауданы | |
| мәслихатының хатшысы | Р. Нұрмұқанова |
| Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 26/4 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының "Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы" 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-10-81 болып тіркелді, 2009 жылғы 08 мамырда аудандық "Солтүстік жұлдызы" газетінде № 20, "Знамя труда" газетінде № 20 болып жарияланған).
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы "Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы" № 13/3 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" 2010 жылғы 05 мамырдағы № 23/7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-10-112 болып тіркелді, 2010 жылғы 14 мамырда аудандық "Солтүстік жұлдызы" газетінде № 21, "Знамя труда" газетінде № 21 болып жарияланған).
3. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының "Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 40/2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-10-150 болып тіркелді, 2012 жылғы 10 ақпанда аудандық "Солтүстік жұлдызы" газетінде № 6, "Знамя труда" газетінде № 7 болып жарияланған).
4. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының "Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы" Мамлют аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 6 тамыздағы № 5/4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1874 болып тіркелді, 2012 жылғы 5 қазанда аудандық "Солтүстік жұлдызы" газетінде № 38, "Знамя труда" газетінде № 41 болып жарияланған).
