Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 23.04.2021 № 5/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 25/5 шешіміне (2018 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4622 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 33-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығына сәйкес "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды." Орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының хатшысы |
А.Молдахметова |
