Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 22.09.2021 № 93 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын, сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
2. Мыналар анықталсын:
1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) көрсетіледі;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;
оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.
Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;
4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде жүргізіледі және әр кемтар балаға ай сайын көрсетіледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 20.05.2020 № 528 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
2016 жылғы 6 маусымдағы № 29 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6489 тіркелген, 2016 жылғы 7 шілдеде "Арна" газетінде жарияланған);
2016 жылғы 3 қарашадағы № 63 "Мәслихаттың 2016 жылғы 6 маусымдағы № 29 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6704 тіркелген, 2016 жылғы 24 қарашада "Арна" газетінде жарияланған).
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кезекті сессияның төрағасы, Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Копжасаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________ С. Касымова
"2" мамыр 2018 жыл
