"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы” Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 448 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6178 болып тіркелген, 2018 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“1. “Жаңақорған ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.”
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жаңақорған ауданының әкімі | Ғ. Әміреев |
