Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 22.04.2019 № 335 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексiнiң 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. "Жаңақорған кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету және көму тарифтерін бекіту туралы" Жаңақорған ауданы мәслихатының 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 230 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 26 қыркүйекте №4763 болып тіркелген, 2014 жылдың 4 қазанда "Жаңақорған тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Жаңақорған аудандық мәслихатының кезекті ХХІ сессиясының төрағасы |
Н.Қалжанов |
|
Жаңақорған аудандық мәслихатының хатшысы |
Е.Ильясов |
| Жаңақорған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 сәуірдегі №219 шешiмiне 1 қосымша |
Жаңақорған ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік |
Орташа жылдық нормалары, |
1 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,55 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,52 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,83 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,31 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,72 |
6 | Емханалар | 1 қатынау | 0,00048 |
7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек -орын | 0,91 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,23 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 0,72 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 орын | 0,22 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,020 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1м2 | 0,06 |
14 | Азық-түлік дүкендері | сауда алаңы 1м2 | 0,70 |
15 | Машиналардан сату | сауда орны 1 м2 | 0,26 |
16 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | сауда алаңы 1м2 | 0,35 |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1м2 | 0,43 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1м2 | 0,20 |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1м2 | 0,15 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1м2 | 0,22 |
21 | Дәріханалар | сауда алаңы 1м2 | 0,19 |
22 | Автотұрақтар, автомобиль жуу орындары, автожанармай құю станциясы, гараждар | 1 машина-орын | 1,27 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,13 |
24 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,04 |
25 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1м2 | 0,14 |
26 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1м2 | 0,41 |
27 | Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,85 |
28 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1м2 | 0,26 |
29 | Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушы | 0,16 |
| Жаңақорған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 сәуірдегі №219 шешiмiне 2 қосымша |
Жаңақорған ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
№ | Атаулары | Есептік бірлігі | Баға |
1 | Тұрғын үйлерден қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер |
айына | 65,0 |
2 | Шаруашылық субъектілер - абоненттер үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету | 1 текше метр (м3) | 805,25 |
3 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму | 1текше метр (м3) | 611,68 |
