Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 14.09.2018 № 257 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жаңақорған аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 05-16/190 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6144 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақыдау банкінде 2018 жылдың 29 қаңтарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Шығындарды өтеуді "Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырады.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Жаңақорған аудандықмәслихатының кезектіХХІ сессиясының төрағасы |
Н.Қалжанов |
|
Жаңақорған аудандық мәслихатының хатшысы |
Е.Ильясов |
