"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жаңақорған ауданының әкімі | Ғ. Әміреев |
| Жаңаақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "07" ақпандағы № 442 қаулысына қосымша |
2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ |
Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк-аумақтық орналасуы | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушiлер саны |
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың | ||||||||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндiк шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндiк шағын-орталықтар | Дербес толық күндiк шағын-орталықтар | Дербес жарты күндiк шағын-орталықтар | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндiк шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндiк шағын-орталықтар | Дербес толық күндiк шағын-орталықтар | Дербес жарты күндiк шағын-орталықтар | ||
1 | Жаңақорған ауданы | 3585 | 690 | 0 | 0 | 0 | 24240 | 24240 | 0 | 0 | 0 |
