Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 02.11.2018 № 75/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, Құндызды ауылдық округінің Шұңқыркөл ауылының №1 табыны аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Кобжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
| "Қазақстан Республикасы ауыл |
| шаруашылығы Министрлігі |
| ветеринариялық бақылау және |
| қадағалау Комитетінің |
| Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы" |
| мемлекеттік мекемесінің басшысы |
| А. Абдикаримов |
2018 жылдың 16 шілдесі
