Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7 ақпандағы қорытындысына сәйкес, Нұра ауданы Тассуат ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданы Тассуат ауылының көшелері:
1) Дзержинский көшесі Достық көшесіне;
2) Комсомольская көшесі Бірлік көшесіне;
3) Целинная көшесі Ардагерлер көшесіне;
4) Калинин көшесі Атамекен көшесіне;
5) Студенческая көшесі Студенттер көшесіне;
6) Школьная көшесі Болашақ көшесіне;
7) Ленин көшесі Тәуелсіздік көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауыл әкімінің міндеттерін атқарушысы | Т. Колыш |
