Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7 ақпандағы қорытындысына сәйкес, Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы ауданы Қарабұлақ ауылының көшелері:
1) Ленина көшесі Достық көшесіне;
2) Комсомол көшесі Жеңіс көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Балқантау ауылдық округінің әкімі | Р. Смагулов |
