Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2) тармағы негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Самарка ауылдық округі, Самарка ауылындағы көшелер келесідей:
1) Центральная көшесін Орталық көшесіне;
2) Речная көшесін Керуен көшесіне;
3) Линейная көшесін Наурыз көшесіне;
4) Набережная көшесін Шұғыла көшесіне;
5) Садовая көшесін Қайнар көшесіне;
6) Крайная көшесін Сұңқар көшесіне;
7) Стадионная көшесін Сарыжайлау көшесіне;
8) Молодежная көшесін Жастар көшесіне;
9) Дорожная көшесін Ынтымақ көшесіне;
10) Школьная көшесін Сарыарка көшесіне;
11) Мира көшесін Достық көшесіне;
12) Южная көшесін Ырыс көшесіне;
13) Комсомольская көшесін Болашақ көшесіне;
14) Парковая көшесін Бірлік көшесіне;
15) Северная көшесін Алаш көшесіне қайта аталсын.
Самарка ауылдық округі Изумрудное ауылындағы көшелер келесідей:
1) Мира көшесін Бейбітшілік көшесіне;
2) Комсомольская көшесін Тұмар көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Самарка ауылдық округінің әкімі | З.У. Таубаева |
