Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шахтинск қаласы Новодолинский, Долинка, Шахан кенттерінің шекаралары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы Шахтинск қаласы әкімдігінің және Шахтинск қалалық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шахтинск қаласының әкімі | С. Аймаков |
| Сессия төрағасы | А. Омарбеков |
| Мәслихат хатшысы | Ж. Мамерханова |
| Шахтинск қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 18/11 және Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 1509/21 бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша |

