Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын Шахтинск қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының Қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К.К. Тлеубергеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | С. Аймаков |
| Шахтинск қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 8/07 қаулысына қосымша |
Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын Шахтинск қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата - ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының айына ата-ана төлемақысының мөлшері | |
Мемлекеттік | Жеке-меншік | ||||
1 | "Шахтинск қаласы әкімдігінің № 4 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық | 50 | 7735,6 | 0 |
1 жас 7 ай - 3 жас - 8 700 теңге |
2 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "Салтанат" сәбилер балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 350 | 23846,19 | 0 | |
3 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "Снегурочка" сәбилер балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 295 | 29785,03 | 0 | |
4 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "Ботагоз" сәбилер балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 305 | 22601,91 | 0 | |
5 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "Қарлығаш" сәбилер балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 308 | 23695,89 | 0 | |
6 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "Еркетай" сәбилер балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 265 | 27209,75 | 0 | |
7 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "Березка" сәбилер балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 200 | 30433,33 | 0 | |
8 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "Аленка" сәбилер балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 214 | 21890,57 | 0 | |
9 | "Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласының білім бөлімінің "Гүлдер" сәбилер балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 152 | 21116,23 | 0 | |
10 | "Шахтинск қаласы әкімдігінің № 3 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық | 50 | 7735,6 | 0 | |
11 | "Шахтинск қаласы әкімдігінің № 8 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық | 25 | 3867,8 | 0 | |
12 | Жеке-меншік мектепке дейінгі ұйым | 100 | 0 | 26000,0 | |
*Ескерту: Егер бала кезекшілік топқа (7.00-19.00 сағат аралығында) баратын болса қосымша 300 теңге төлем жүргізіледі.
