Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Аққұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 "Аққұдық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-70 болып енгізілген, 2009 жылғы 7 қаңтарында аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімінің қазақ тіліндегі мәтінінде "Бауржан Момышулы", "Сейфулин", "Қарабұтақ" сөздері "Бауыржан Момышұлы", "Сейфуллин", "Қарабұлақ" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімінің қазақ тіліндегі мәтіннің 2 тармағындағы "Рыбаковка" сөзі "Жаңажол" сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімінің орыс тіліндегі мәтінінде "Сейфулин" сөзі "Сейфуллин" сөзімен ауыстырылсын;
шешімінің орыс тіліндегі мәтіннің 2 тармағындағы "Первомайка" сөзі "Жанажол" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аққұдық ауылдық округінің әкiмi | Қ. Отаралин |
