Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27, 85, 86-баптарына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 08.10.2026 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).1. Ақтөбе облысының коммуналдық меншіктегі алпыс алты су объектілеріне (бөгеттер) су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген жоба негізінде белгіленсін.
2. Ақтөбе облысының коммуналдық меншіктегі алпыс алты су объектілеріне (бөгеттер) су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы - жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментімен бірлесіп мемлекеттік жер кадастрына тиісті өзгерістер енгізе отырып, су қорғау белдеулерінің жерлерін су қорының жерлеріне аудару жөнінде шаралар қолдансын;
жер пайданушыларға су қорғау аймақтарының, белдеулерінің белгіленген шекаралары мен оларды шаруашылықта пайдаланудың режимін және ерекше жағдайларын жеткізсін;
бекітілген жобаға сәйкес су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде орналасқан және олардың жай-күйіне зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыстар жүргізуге;
олардың тиісті санитарлық күйде күтіп ұсталуын, шаруашылықта пайдалану режимін сақтауды, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтығын қамтамасыз етуге ұсыныс жасалсын.
4. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е. Абдуллинге жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
|
"Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Н. Беркімбаева |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
|
"Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Ақтөбе аумақтық бөлімінің басшысы |
Х. Бултеев |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыз № 141 қаулысына 1-қосымша |
Ақтөбе облысының коммуналдық меншіктегі алпыс алты су объектілеріне (бөгеттер) су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Су объектісі (салалары) | Су қорғау аймақтары мен белдеулері | Орташа көп жылдық судың сабалық кемері | ||
аймағы | белдеуі | ауданы (кв.км) | |||
Қарғалы ауданы | |||||
1 | Әлімбет -1 | 500 | 50 | 0.014 |
135,1-142,0 |
2 | Әлімбет -2 | 500 | 50 | 0.005 | |
3 | Үлкен Әлімбет | 500 | 50 | 0.15 | |
4 | Нововведеновка-1 | 500 | 50 | 0.56 | |
5 | Нововведеновка-2 | 500 | 50 | 0.036 | |
6 | Нововведеновка-3 | 500 | 50 | 0.005 | |
7 | Нововведеновка-4 | 500 | 50 | 0.002 | |
8 | Бам | 500 | 50 | 0.27 | |
9 | Тұзды көл | 500 | 50 | 0.008 | |
10 | Ащылысай | 500 | 50 | 0.14 | |
11 | Преображеновская | 500 | 50 | 0.09 | |
12 | Приозерное | 500 | 50 | 0.20 | |
13 | Үлкен бөгет | 500 | 50 | 0.04 | |
14 | Тайкеткен | 500 | 50 | 0.09 | |
15 | Кемпірсай -1 | 500 | 50 | 0.004 | |
16 | Кемпірсай -2 | 500 | 50 | 0.002 | |
17 | Кемпірсай -3 | 500 | 50 | 0.04 | |
18 | Кемпірсай | 500 | 50 | 0.07 | |
19 | Темір жолдың артындағы Кемпірсай | 500 | 50 | 0.24 | |
20 | Краснополянская -1 | 500 | 50 | 0.06 | |
21 | Краснополянская -2 | 500 | 50 | 0.11 | |
22 | Краснополянская -3 | 500 | 50 | 0.40 | |
23 | Петропавловка-2 | 500 | 50 | 0.03 | |
Мәртөк ауданы | |||||
1 | Зеленый Гай | 500 | 50 | 0.22 | 135,1-142,0 |
2 | Волковская | 500 | 50 | 0.009 | |
3 | Казанка-1 | 500 | 50 | 0.04 | |
4 | Казанка-2 | 500 | 50 | 0.04 | |
5 | Байтура | 500 | 50 | 0.015 | |
6 | Жамбыл | 500 | 50 | 0.002 | |
7 | Каратау-1 | 500 | 50 | 0.80 | |
8 | Каратау-2 | 500 | 50 | 0.17 | |
9 | Новая | 500 | 50 | 0.13 | |
10 | Взрыв | 500 | 50 | 0.02 | |
11 | Покровская | 500 | 50 | 0.06 | |
12 | Обдан | 500 | 50 | 0.03 | |
13 | Новомихайловская | 500 | 50 | 0.20 | |
14 | Джусинская | 500 | 50 | 0.05 | |
15 | Карасу | 500 | 50 | 0.16 | |
16 | Красная | 500 | 50 | 0.009 | |
17 | Қарашай | 500 | 50 | 0.18 | |
18 | Мәртөк | 500 | 50 | 0.12 | |
Қобда ауданы | |||||
1 | Калиновка-2 | 500 | 50 | 0.10 | 135,1-142,0 |
2 | Веселый-2 | 500 | 50 | 0.005 | |
3 | Новомосковская | 500 | 50 | 0.075 | |
4 | Амирский | 500 | 50 | 0.007 | |
5 | Кузьмин | 500 | 50 | 0.25 | |
6 | Прокурор | 500 | 50 | 0.07 | 135,1-142,0 |
7 | Үлкен | 500 | 50 | 0.60 | |
Алға ауданы | |||||
1 | Шолак | 500 | 50 | 0.23 | 135,1-142,0 |
2 | Нариманов | 500 | 50 | 0.14 | |
3 | Көсем | 500 | 50 | 0.077 | |
4 | Үлкен Ақай | 500 | 50 | 0.28 | |
Темір ауданы | |||||
1 | Талдыбулак | 500 | 50 | 0.04 | 135,1-142,0 |
2 | Толганай | 500 | 50 | 0.015 | |
3 | Шевченко | 500 | 50 | 0.35 | |
4 | Жекесай | 500 | 50 | 0.20 | |
Байғанин ауданы | |||||
1 | Тұздысай | 500 | 50 | 0.14 | 135,1-142,0 |
2 | Ногайты | 500 | 50 | 0.011 | |
3 | Шатыбай | 500 | 50 | 0.02 | |
Әйтеке би ауданы | |||||
1 | Тереңсай | 500 | 50 | 0.50 | 135,1-142,0 |
2 | Ярослав | 500 | 50 | 0.14 | |
Ойыл ауданы | |||||
1 | Куб | 500 | 50 | 0.10 | 135,1-142,0 |
Хромтау ауданы | |||||
1 | Мағаджан | 500 | 50 | 2.8 | 135,1-142,0 |
2 | Құдықсай лиманды суару жүйесі | 500 | 50 | ||
Ырғыз ауданы | |||||
1 | Ақши лиманды суару жүйесі | 500 | 50 | 91.44 | 135,1-142,0 |
Ақтөбе қаласы | |||||
1 | Беляевская | 500 | 50 | 0.02 | 135,1-142,0 |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 141 қаулысына 2-қосымша |
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 08.10.2026 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
1. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:
1) мыналарды:
су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;
көпірлерді, көпір құрылысжайларын;
айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;
балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;
ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;
су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
3) 1-тармақтың 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.
2. Су қорғау аймақтары шегінде:
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
5) зираттарды орналастыруға;
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.