Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 05.12.2023 № 7/9 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қорғалжын аудандық мәслихатының "Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5577 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қазанда аудандық "Нұр-Қорғалжын" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9 тармақ келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) 1 және 2 топтағы мүгедектер − жылына бір рет сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қорғалжын аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Н.Баешев |
|
Қорғалжын аудандық мәслихат хатшысы |
Ө.Балғабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Қорғалжын ауданының әкімі |
Қ.Рыскелдінов |
18.04.2018
