Ескерту. Бірлескен бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 102 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.01.2026 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 138 - бабының 64) тармақшасына, 141, 143 - баптарына, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 22-1 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің пайдаланылуын тексеру парағы;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын тексеру парағы.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 102 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.01.2026 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. "Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 647 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 834 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 12690 тіркелген, "Әділет" АҚЖ 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1517 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 48 бірлескен бұйрығына |
|
| 1-қосымша |
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің пайдаланылуын тексеру парағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 102 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.01.2026 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға (қайта шығару, тарату, импортқа шығару, жария көрсету, туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау, жария хабарлау, эфирде жариялау (оның ішінде эфирлік және кабельдік хабар тарату ретрансляция), кабель арқылы хабарлау, аудару, өңдеу, жалпы жұрттың назарына жеткізу) артормен авторлық құқық иесімен немесе құқықтарды ұжымдық басқару ұйымымен шарттың болуы |
Лауазымды адам (-дар)
_________________________________________________
лауазымы қолы
_________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы
_________________________________________________
лауазымы қолы
_________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1517 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 48 бірлескен бұйрығына |
|
| 2-қосымша |
Тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын тексеру парағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жер атауын немесе фирмалық атауды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты
Ескерту. Бірлескен бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 102 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.01.2026 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Тауар таңбасын, қызмет көрсету белгісін, тауардың шыққан жерінің атауын немесе олармен шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты пайдалану үшін иесімен (құқық иеленушімен) жасалған шарттың болуы. | ||
2 | Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тауар белгісіне айрықша құқық беру/ұсыну туралы тиісті жазбаша шарттарды тіркеудің болуы |