ЗҚАИ-ның ескертуі!
Осы бұйрық 29.06.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 205-бабының 8-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
| Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 366 бұйрығымен бекітілген |
Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.07.2023 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 205-бабының 8-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарауын айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
4. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасымен айқындалатын аумақтар бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беріледі. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы Кодекстің 60-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес құзыретті органмен бекітіледі.
5. Кодекстің 70-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілмеген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіне берілген өтініш негізінде пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны қызметі (технологиялық процес) жер қойнауын пайдаланумен байланысты (байланысты) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустиряландырудың бірыңғай картасына енгізілген өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде алуға құқылы.
6. Жер қойнауы учаскелерінің шекаралары ортақ (аралас учаскелер) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған бір немесе бірнеше лицензиялардың иесі:
1) пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорлары пайдалы қатты қазбалар ресурстары мен қорларын бағалау туралы есепте расталған кен орны табылған жағдайда барлау учаскесінің (аралас барлау учаскелері) шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны (лицензияларды) алуға;
2) кең таралған пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары кең таралған пайдалы қазбалар ресурстары мен қорларын бағалау туралы есепте расталған кен орны табылған жағдайда барлау учаскесінің (аралас барлау учаскелері) шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны (лицензияларды) алуға;
3) геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есепте расталған пайдалы қазбалар кен орны жоқ болған немесе оның ресурстары аз мөлшерде болған жағдайларда жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия алуға айрықша құқыққа ие болады.
7. Пайдалы қатты қазбаларды өндеуге лицензия беруге:
1) Кодекстің 25-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда;
2) көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін басқа адамның пайдалануында болған, ал оған тең Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін осындай адамның келісімінсіз болған, тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша қол қойылған, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік бөлуде не болмаса көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасасу туралы қолданыстағы хаттамамен айқындалған жер қойнауын пайдалану учаскесінің аумағында;
3) пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал оған тең пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуде айқындалған келісімшарттық аумақта оған қатысты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін болған тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақта;
4) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал оған тең барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік бөлумен айқындалған келісімшарттық аумақта, сондай-ақ оған қатысты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін болған тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақта;
5) пайдалы қатты қазбаларды барлаудың немесе өндірудің салдарларын жою жүргізілетін жер қойнауы учаскесінің аумағында;
6) құрамында уран кен орны немесе сирек кездесетін жер-уран кен орны бар жер қойнауы учаскесінің аумағында жол берілмейді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген, көзделген құжаттармен қоса, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беру туралы өтінішті Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖҚПБП) арқылы береді.
Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариалды куәландырылуға жатады.
Өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен беріледі, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті берушіге ЖҚПБП арқылы өтініш түскен күн және уақыт өтініш берілген сәт болып танылады және есепке алынуға жатады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Өтініш ЖҚПБП-да бірегей есептік нөмірлер беріліп және тіркелу күні мен уақыты (сағат, минут) көрсетіліп тіркеледі.
Әрбір өтініш жеке тіркеледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Берілген өтініш туралы мәліметтер өтініш берілген күннен бастап екі күн ішінде ЖҚПБП-ға орналастырылуға жатады және мыналарды қамтиды:
1) көрсетілетін қызметті алушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
2) көрсетілетін қызметті алушы пайдалы қатты қазбаларды өндіру үшін пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесін айқындайтын аумақтың координаттары;
3) өтініштің келіп түскен күні мен уақыты.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және Тізбенің 9-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10, 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия беруден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға өтінішке қоса берілетін өтінішті, пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есепті және сұратылған жер қойнауы учаскесінің аумағы туралы мәліметтері бар құжаттарды жібереді.
Егер айрықша құқық бойынша өндіруге лицензия беру туралы өтінішті беру кезінде Тізбенің 9-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген мән-жайлар бар болса, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыны ЖҚПБП арқылы анықталған ескертулерді жою қажеттігі туралы хабардар етеді. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген ескертулерді жойып, өтінішті көрсетілетін қызметті берушіге қайта беру үшін өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік отыз күнге ұзартылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ЖҚПБП жеке кабинетінде көрсетілетін қызметті берушінің хабарламаларымен танысады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есептен мәліметтерді мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына енгізеді және өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды Тізбенің 9-тармағының 13) және 14) тармақшаларында көзделген лицензия беруден бас тартуға негіздердің бар болуы тұрғысынан он жұмыс күні ішінде қарайды.
Егер өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесінің бір бөлігі жер қойнауының кеңістігін пайдалануға, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия бойынша басқа тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесіне жататын болса, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы ЖҚПБП арқылы көрсетілетін қызметті алушыны және көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді. Хабарламада біріктірілген аумақтың координаттары мен ауданы және осы аумақты сұратылған жер қойнауы учаскесінің аумағынан алып тастау тәсілдері туралы ұсынымдар көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініштен бас тартады немесе жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып, сұратылатын жер қойнауы учаскесі туралы өзгертілген мәліметтерді ұсынады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы белгілеген сұратылған жер қойнауы учаскесінің шекарасы Кодекстің 209-бабының талаптарына сәйкес келмесе, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган ЖҚПБП арқылы бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыны және көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді. Хабарламада анықталған сәйкессіздіктер және оларды жою тәсілдері туралы ұсынымдар көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, анықталған сәйкессіздіктерді жояды немесе жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ЖҚПБП арқылы өзінің қарсылығын жібереді. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сұратылған жер қойнауы учаскесінің шекарасының Кодекстің 209-бабының талаптарына сәйкестігі туралы мәселені қайта қарайды.
Сұратылатын жер қойнауы учаскесі шекарасының сәйкестігі туралы мәселені қарау қорытындылары бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы шекараларды келіседі не келісуден бас тартады, бұл туралы ЖҚПБП арқылы көрсетілетін қызметті берушіні және көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген сұратылатын жер қойнауы учаскесінің шекаралары туралы өзгертілген мәліметтерді ұсыну мерзімдерін бұзған жағдайда, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган сұратылатын жер қойнауы учаскесінің шекараларын келісуден бас тартады.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган сұратылатын жер қойнауы учаскесінің шекарасымен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағының 13) немесе 14) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруден бас тартады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекаралары жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісілген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру операцияларына тиісті экологиялық рұқсат алу, тиісінше Кодекстің 216 және 217-баптарында көзделген тау-кен жұмыстарының жоспарына және жою жоспарына сараптамалар мен келісулер жүргізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Хабарлама көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ЖҚПБП-ға орналастырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру операцияларына тиісті экологиялық рұқсаттың көшірмесін, тиісті келісулер мен сараптамалардың оң қорытындыларын осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабардар ету күнінен бастап бір жылдан кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға ұсынуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімді ұзарту үшін мұндай ұзартудың қажеттілігін негіздей отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді. Көрсетілетін қызметті беруші осы мерзімді, егер мұндай ұзарту қажеттілігі көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес мән-жайлардан туындаса, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге ұзартады. Көрсетілген ескертулер жойылмаған немесе белгіленген мерзімде өтініш қайта ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беруден бас тартады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Көрсетілетін қызметті беруші қажетті келісулер, сараптамалардың оң қорытындылары және тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру операцияларына тиісті экологиялық рұқсаттың көшірмесі ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ЖҚПБП арқылы көрсетілетін қызметті алушыға пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны береді не оны беруден бас тартады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ЖҚПБП жеке кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты және орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші өткізілген тыңдаудың нәтижелері бойынша оң нәтижені немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.
Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия беруден бас тартуға негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тарту туралы шешім қалыптастырып, оны ЖҚПБП арқылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі – Бас прокуратура) келісуге жолдайды.
Бас прокуратура шешімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімді келіседі не келісуден бас тартады.
Бас прокуратурамен келісу нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші инвесторлар тізіліміне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыны Бас прокуратураның жауабы келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия беру немесе дәлелді бас тарту болып табылады.
18. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетінде көрсетіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Өтініште көрсетілген мәліметтерде лицензияны мәні бойынша беру туралы шешім қабылдауға әсер етпейтін және анықталатын, сондай-ақ өтінішке қоса берілген құжаттармен салыстыру арқылы тексерілетін грамматикалық немесе арифметикалық қателердің, қате жазулардың болуы (блок (блоктар) туралы мәліметтерден басқа) лицензия беруден бас тартуға негіз болып табылмайды.
20. Тізбенің 9-тармағының 12) тармақшасына сәйкес бас тарту мұндай бас тартуға негіз болған себептерді көрсетпей шығарылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Лицензия беруден бас тарту көрсетілетін қызметті алушыны өтінішті қайта беру құқығынан айырмайды.
22. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша айрықша құқық негізінде берілген жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тартуға барлауға арналған лицензия шарттарын жойылмаған бұзушылықтар болған кезде не Тізбенің 9-тармағының 15) тармақшасына сәйкес ғана жол беріледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Осы Қағидалардың 12-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген ескертулер жойылмаған не белгіленген мерзімде қайта өтініш берілмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия беруден бас тартады.
24. Көрсетілетін қызмет алушыға басқа тұлғаға тиесілі немесе соның пайдалануындағы жер учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы жер қойнауы учаскесінде көрсетілген жер учаскесінің жер бетіндегі ең төменгі нүктесінен отыз метр шекте осындай тұлғаның келісімінсіз операцияларды жүргізуге құқығы жоқ.
25. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген хабарлама облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жерлерді жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін резервте қалдыру үшін негіз болып табылады.
26. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне жерді пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланушыға беруі үшін негіз болып табылады.
27. Көрсетілетін қызмет берушіге берілген, сол бір аумақты қамтитын пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беру үшін өтініштер келіп түскен кезектілік тәртібіне қарай қаралады.
28. Кезекті өтініш алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тартылған кезде ғана қаралады.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ЖҚПБП арқылы алдыңғы өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы хабарланған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін кезекті өтінішті қарауға кіріседі.
Көрсетілетін қызметті алушы бас тарту туралы шешімге сотқа шағымданған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кезекті өтінішті қарау туралы мәселені шағымды қарау нәтижелері бойынша сот шешімі күшіне енгеннен кейін шешеді.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін белгілейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен, өзгерткен және (немесе) толықтырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
31. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, пайдалы қатты қазбалардың саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
32. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
| "Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру үшін өтініш беру және оны қарау" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына қосымша |
"Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) | Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖҚПБП). |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар беру: |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру немесе дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесі |
1) ЖҚПБП – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке және демалыс күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері |
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздердің бірі: |
10. | Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар | Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы бірыңғай байланыс орталығы: 1465. |