ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысы 01.01.2023 дейін тоқтатылған – ҚР Сыртқы істер министрінің 04.11.2021 № 11-1-4/481 бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 30.09.2025 № 11-1-4/574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса берілген Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Қ. Әбдірахманов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
___________Қ. Қасымов
2018 жылғы 2 наурыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
______________К. Мәсімов
2018 жылғы 6 наурыз
| Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрығымен бекітілген |
Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 30.09.2025 № 11-1-4/574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 33-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 167) тармақшасына сәйкес әзірленді, және шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатыны туралы дәлелі жоқ адам;
2) дактилоскопиялау – қолдардың тырнақ фалангаларының және (немесе) алақандары бетіндегі папиллярлық сызықтардан түзілетін тері бедерлерінің таңбаларын алу;
3) дактилоскопиялық ақпарат – адамның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін оның қолдарының саусақтарының және (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректер және Заңның талаптарына сәйкес дербес деректер;
4) дактилоскопиялық ақпаратты жинау – дактилоскопиялық ақпаратты алуға бағытталған іс-әрекеттер;
5) дактилоскопиялық ақпаратты өңдеу – дактилоскопиялық ақпаратты жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, беруге, иесiздендiруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған әрекеттер;
6) дактилоскопиялық тіркеу – дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың дактилоскопиялық ақпаратты жинау, өңдеу, қорғау, адамның жеке басын анықтау немесе растау бойынша жүзеге асыратын қызметі;
7) жеке басты верификациялау – жеке тұлғаның қол саусақтарының және (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлерінің оның дактилоскопиялық ақпаратымен сәйкес келуін тексеру арқылы жеке басты растау;
8) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелер) – Қазақстан Республикасының шет елдегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелерi;
9) уәкілетті қызметкер – дактилоскопиялық ақпаратты жинау мен өңдеуді, сондай-ақ жеке басты верификациялауды жүзеге асыратын шет елдегі мекеменің қызметкері;
10) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын әрі өзінің басқа мемлекеттің азаматы екендігі туралы дәлелі бар адам.
2-тарау. Дактилоскопиялық ақпаратты жинау және өңдеу
3. Шет елдердегі мекемелер дактилоскопиялық ақпаратты мынадай тұлғалардан жинауды жүзеге асырады:
1) шет елдегі мекемеге Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алғаш рет алу, қалпына келтіру немесе ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтарынан, олардың келісімімен;
2) шет елдегі мекемеге Қазақстан Республикасының электрондық форматта және шет елдегі мекемеге барусыз берілетін визаларынан басқа визаларды алу үшін өтініш білдірген он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан.
4. Дактилоскопиялық тіркеуден мыналар босатылады:
1) он екі жасқа толмаған балалар;
2) Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу кезінде өзаралық қағидат негізге алына отырып (Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу барысында өзара тең шарттар қамтамасыз етілген кезде):
шет мемлекеттердің, үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың дипломатиялық мәртебеге теңестірілген басшылары және олардың отбасы мүшелері;
шет мемлекеттер парламенттерінің, үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың дипломатиялық мәртебеге теңестірілген мүшелері және олардың отбасы мүшелері – дипломатиялық паспорттардың иелері, сондай-ақ шетелдік ресми делегациялардың мүшелері және оларды ертіп жүретін адамдар –дипломатиялық паспорттардың иелері;
Қазақстан Республикасының құрметті консулдары және олардың отбасы мүшелері;
дипломатиялық паспорттардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдар паспорттарының Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі бар иелері;
дипломатиялық поштаны тасымалдайтын дипломатиялық курьерлер – дипломатиялық паспорттардың иелері, курьерлік парағы болған жағдайда;
Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, арнаулы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның шақыруы бойынша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
3) Сырқатты бар болуына байланысты дактилоскопиялық тіркеуден өту мүмкіндігі жоқ және бұл ретте дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар адамдар, дактилоскопиялық тіркеуден босатылады. Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босату үшін негіз болып табылатын аурулардың тізбесі "Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босату үшін негіз болып табылатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34307 болып тіркелген);
4) егер Заңда өзгеше көзделмесе – екі қолының барлық саусақтары немесе алақандары жоқ тұлғалар.
5. Қазақстан Республикасының азаматын дактилоскопиялауды бастамас бұрын уәкілетті қызметкер оның дактилоскопиялық тіркеуден өтуге қалауы туралы сұрайды.
Қазақстан Республикасының азаматы уәкілетті қызметкерге дактилоскопиялық тіркеуден өтуді қалайтыны не одан бас тартатыны туралы ауызша түрде хабарлайды.
Қазақстан Республикасының азаматы дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқан жағдайда уәкілетті қызметкер "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" (бұдан әрі – "ХҚТ ТП" АЖ ) ақпараттық жүйесіне Қазақстан Республикасы азаматының дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқаны туралы мәлімет енгізеді.
Егер Қазақстан Республикасының азаматы дактилоскопиялық тіркеуден өтуді қалаған болса, уәкілетті қызметкер Қазақстан Республикасы азаматының дактилоскопиялауын жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығымен бекітілген Дактилоскопиялау және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларының 23, 32 және 37-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тіркеу қағидалары).
7. Дактилоскопиялаудан кейін уәкілетті қызметкер:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын "ХҚТ ТП" АЖ-ға мынадай дербес деректерді енгізеді:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
туған күні мен орны;
жынысы;
ұлты (Қазақстан Республикасы азаматының қалауы бойынша);
азаматтығы;
Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу кезіндегі жасына сәйкес келетін, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 75 пайызын алатын ашық фонда, байсалды жүзбен, аузы жабық дәлме-дәл анфас түсірілген фотосуреті;
қолдарындағы он саусағының папиллярлық өрнектерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат;
Қазақстан Республикасы азаматының бұрынғы паспортының нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі;
Қазақстан Республикасы азаматының бұрынғы паспортын берген органның атауы;
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты иесінің қолы;
жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
дактилоскопиялық тіркеудің жүргізілген күні және негізі;
дактилоскопиялық тіркеуді жүргізген уәкілетті қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарын "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) мынадай дербес деректерді енгізеді:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
туған күні;
жынысы;
қолдарындағы он саусағының папиллярлық өрнектерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат;
азаматтығы;
шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының визасын ресімдеуге жүгіну кезіндегі жасына сәйкес келетін, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 75 пайызын алатын ашық фонда, байсалды жүзбен, аузы жабық, дәлме-дәл анфас түсірілген фотосуреті;
жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі;
жеке басты куәландыратын құжатты берген органның атауы;
дактилоскопиялық тіркеудің жүргізілген күні және негізі;
дактилоскопиялық тіркеуді жүргізген уәкілетті қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
8. Он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалардан Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға жүгінген кезде дактилоскопиялық тіркеу олардың келісімімен жүзеге асырылады және баланың заңды өкілінің қатысуымен, егер ол жеке басты куәландыратын құжаты мен өкілеттігін растайтын құжатты ұсынған болса, сондай-ақ өкілдің Тіркеу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес толтырылған жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.
9. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған және дактилоскопиялық тіркеуге жататын адамнан дактилоскопиялық тіркеу оның қамқоршысының қатысуымен, егер ол жеке басты куәландыратын құжаты мен қамқоршылық өкілеттігін растайтын құжатты ұсынған болса, және Тіркеу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес толтырылған жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.
10. Уәкілетті қызметкер қол саусақтарынан дактилоскопиялау мүмкіндік бермейтін физикалық кемшіліктері анықтаған жағдайда, қол алақандарынан дактилоскопиялау жүзеге асырады.
Қол алақандарынан дактилоскопиялау мүмкіндік бермейтін физикалық кемшіліктері анықтаған жағдайда, дактилоскопиялау жүргізілмейді.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген жағдайларда уәкілетті қызметкер қол саусақтарынан және қол алақандарынан дактилоскопиялау жүргізуге мүмкіндік бермейтін физикалық кемшіліктері туралы белгі енгізеді:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты – "ХҚТ ТП" АЖ-ға;
2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты – "Бүркіт" БАЖ-ға.
11. Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам дактилоскопиялық тіркеуден бұрын өткен болса және "ХҚТ ТП" АЖ-да және "Бүркіт" БАЖ-да белгі болған жағдайда, уәкілетті қызметкер Тіркеу қағидаларында айқындалған тәртіппен жеке басты верификациялауды жүзеге асырады.
12. Уәкілетті қызметкер дактилоскопиялық ақпаратты Тіркеу қағидаларына сәйкес өңдейді және онда дактилоскопиялық ақпараттың дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамның, оның заңды өкілінің немесе қамқоршысының өтініш білдірген күні, немесе теріс (қате) мәліметтер анықталған жағдайдағы өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы қамтылады.
13. Дактилоскопиялық тіркеуден бұрын өткен адамның қолы, қолдарының бір немесе бірнеше саусақтарының папиллярлық сызықтары зақымдалған немесе тырнақ фалангаларынан айырылған болса, уәкілетті қызметкер қолдардың он саусағының немесе екі қолдың он саусағы және алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректері бөлігіндегі дактилоскопиялық ақпаратты өзгертеді және оны қайта дактилоскопиялау кезінде алынған жаңасымен толықтырады.
14. Уәкілетті қызметкер дактилоскопиялық тіркеуден бұрын өткен адамның дербес деректері бөлігіндегі дактилоскопиялық ақпаратқа өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізгеннен кейін оны жаңа ақпаратпен ауыстырады, бұл ретте алдыңғы деректер сәйкесінше "ХҚТ ТП" АЖ және "Бүркіт" БАЖ ақпараттық жүйелерінде архивтеледі.
