Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 06.02.2023 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186-бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемі кемінде таза табысынан 50 (елу) пайыз болып белгіленсін.
2. Кентау қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Кентау қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Кнатовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кентау қаласының әкімі | Ә.Мақұлбаев |
