"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 174 "Конго – қырым қанды қызбасының алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2025 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 сәуірде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтик құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялануына жолдануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.
| Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
| Д.А.Сатыбалды | |
| Ә.Е.Тұрғымбеков | |
| Ж.Қ.Бөкенбаев | |
| Б.С.Жамалов | |
| Е.Ә.Садыр | |
| Ұ.Сәдібеков | |
| А.С.Сәбитов | |
| К.Н.Мендебаев |
