Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 27.10.2017 № 263 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аққайың аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кандидаттары үшін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орын белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кандидаттарына Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес үй-жай ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Д. Байтөлешов |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
|
Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық сайлау комиссиясының төрайымы |
О. Плищенко |
| 2017 жылғы 25 мамыр |
| Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 139 қаулысына 1 қосымша |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар үшін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын
р/с | Ауылдық округ атауы |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын |
1 | Смирново ауылдық округі | Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы Смирново ауылы, 9 Май көшесі, 67 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы аумақта орналасқан ақпараттық стенд |
| Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 139 қаулысына 2 қосымша |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарына Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін ұсынылған үй-жай
р/с № | Ауылдық округ атауы | Кездесулер өткізу орны |
1 | Смирново ауылдық округі | Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Смирново ауылы, 9 Май көшесі, 67 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы |
