Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 06.12.2021 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы |
А. Кириченко |
|
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Копжасаров |
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі"
_________________________ А. Касимов
| Мәслихаттың 2017 жылғы 21 ақпандағы № 103 шешіміне қосымша |
Қостанай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,80 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,93 |
3 | Интернаттар және сол сияқтылар | 1 орын | 0,31 |
4 | Қонақ үйлер | 1 орын | 1,04 |
5 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,48 |
6 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,81 |
7 | Емханалар | 1 адам | 0,0040 |
8 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,70 |
9 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,17 |
10 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 0,85 |
11 | Кинотеатрлар, концерт залдары, ойын-сауық орталықтар | 1 орын | 0,38 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,04 |
13 | Спорттық, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1м² | 0,02 |
14 | Азық-түлік дүкендері | сауда алаңы 1м² | 0,57 |
15 | Өнеркәсіптік дүкендер | сауда алаңы 1м² | 0,37 |
16 | Базарлар, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1м² | 0,20 |
17 | Дәріханалар | сауда алаңы 1м² | 0,23 |
18 | Автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 1,50 |
19 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,85 |
20 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,20 |
21 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,00 |
22 | Тұрмыстық техниканы жөндеу орындары | жалпы алаңы 1м² | 0,30 |
23 | Аяқ киімді жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1м² | 0,85 |
24 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1м² | 1,30 |
25 | Кенттің аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушыға | 0,16 |
26 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,56 |
