"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және облыстық ономастикалық комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Төңкеріс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округінің Шеген Қодаманов ауылындағы атауы жоқ көшеге "Мизамбай Әлімбетов" есімі берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төңкеріс ауылдық округі әкімі | М. Әшірбеков |
