Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 31.10.2023 № 12/110 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 262 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2523 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 5 (7385) "Сельский труженик" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 6 ақпанында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының:
12 тармақтың 2 абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарын жоюға – 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (В.В. Бережной).
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | П. Луцук |
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | К. Саккулаков |
КЕЛІСІЛДІ:
|
Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. Тулеуова |
2017 жылғы "20" қыркүйек
