Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байторысай селолық округі әкімінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1 "Байторысай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-63 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде келесідей өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі шешімінің деректемесінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | Қ.Жұмабаев |