Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қарашалғын ауылдық округі әкімінің 05.12.2018 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2017 жылғы 6 маусымдағы № 01-37/104 ұсынысы бойынша, Қарашалғын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Қорғалжын ауданы Қарашалғын ауылдық округінің Жантеке ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қарашалғын ауылдық округінің әкімі |
Қ.Жұмашев |
