Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 21.02.2018 № 6С 18/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 - бабының 2 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін Атбасар ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін, бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері, қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 5С 16/5 "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3777 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 тамызда "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Сәдуақасов М.Н. |
|
Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы |
Борұмбаев Б.А. |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Атбасар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Б.Ж.Үсембаев |
22 ақпан 2017 жыл
| 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/8 Атбасар аудандық мәслихатының шешіміне қосымша |
Қызметін Атбасар ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін, бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
№ п/п | Салық салу объектінің атауы | Салық салу бірлігі | Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) | |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | Әрбір ойын автоматына | 4 | |
2. | Бір ойыншыдан артық қатысуымен ойын өткізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы | Әрбір ойын автоматына | 4 | |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланатын арнайы компьютер | Әрбір компьютерге | 1 | |
4. | Ойын жолы | Әрбір жолға | 5 | |
5. | Карт | Әрбір картқа | 2 | |
6. | Бильярд үстелі | Әрбір столға | 3 | |
