Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақсу кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу кенті әкімінің "Ақсу кентінде көшелердің атауларын өзгерту туралы" 2010 жылғы 22 ақпандағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-128 болып тіркелген, 2010 жылғы 13 мамырда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірін ескере отырып, Ақсу кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы Ақсу кенті әкімнің шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақсу кентінің әкімі | М.Смағұлов |
"КЕЛІСІЛДІ"
| "Степногорск қаласының | |
| мәдениет және тілдерді дамыту | |
| бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
| басшысының міндетін | |
| атқарушы | Б.Айтпаева |
05.01.2017
| "Степногорск қаласының сәулет | |
| және қала құрылысы бөлімі" | |
| мемлекеттік мекемесінің | |
| басшысы | З.Қартбаева |
05.01.2017
