"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 12-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 62-бабының 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.09.2025 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 386 бұйрығымен бекітілген |
Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 12-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 62-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдардың жазаның осы түрін орындауға тартуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.09.2025 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларды ұйымдастыру тәртібі
2. Жергілікті атқарушы орган сот үкімін немесе қаулысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) сотталған адамның тұрғылықты жерінде орналасқан белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстар түрін, сондай-ақ еңбек жағдайларының қауіпсіздігін ескере отырып, оларды қоғамдық орындарда орындау үшін объектілерді айқындайды;
2) сотталған адамның деректерін, ақы төленбейтін қоғамға пайдалы жұмыстардың түрін, оларды орындауға арналған объектіні, орындау шарттарын, жауапты ұйымды, күніне төрт сағаттан аспайтын, ал тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын сотталғандарға - күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан аспайтын жұмыспен өтеу уақытының ұзақтығын, демалу уақытын көрсете отырып, қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкім шығарады;
3) пробация қызметіне сот үкімін немесе қаулысын алғаны туралы хабарлама және қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкімді жібереді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.09.2025 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-1. Жергілікті атқарушы орган:
1) сотталған адамды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеудешемен, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды орындау үшін қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен және өзге де құралдармен қамтамасыз етеді;
2) ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей пробация қызметіне жұмыс істелген уақытты есепке алу табелі мен орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқы туралы ақпаратты жібереді;
3) сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару фактісі туралы пробация қызметіне хабарлайды.
Ескерту. 2-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.09.2025 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қоғамдық жұмыстар сотталғандарды негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерін орындаудан босата отырып не оқудан бос уақытта күніне төрт сағаттан аспайтын шамада орындалады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімі сағатпен есептеледі, сол уақыт ішінде сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындайды. Кәмелетке толмаған сотталғандарға қатысты қоғамдық жұмыстар он сағаттан жетпіс бес сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады және ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмыстарды орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында орындайды. Он алты жасқа дейінгі адамдардың бұл жаза түрiн орындау ұзақтығы - күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.12.2018 № 880 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Жергілікті атқарушы органдар сотталғанның жазаны өтеуден жалтару фактісін анықтаған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде пробация қызметін жазбаша түрде хабардар етеді.
| Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидасына қосымша Нысан |
Ескерту. Қағидалар қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.09.2025 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандардың кеудешесі нысанының үлгісі.
Жарық шағылыстыратын бір жолағы бар және "ҚОҒАМҒА ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРУ", "ОТДАТЬ ДОЛГ ОБЩЕСТВУ" деген жазуы бар қызғылт сары түсті кеудеше (сурет).
Сурет.

Ескертпе: 1 – алдыңғы жағы; 2 – арқа жағы.
