Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 31 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зайсан қаласының "2 Шартты" көшесінің атауы "Ағайынды Сәлиевтер" көшесі деп өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
| Аудан әкімі | Т.Ж.Қасымжанов |
| Сессия төрағасы | Е.А.Айнабеков |
| Аудандық мәслихат | |
| хатшысы | Д.Н.Ыдырышев |
