Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 26.03.2020 № 97 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1001 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 12439) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "2" наурыздағы № 51 қаулысымен бекітілген |
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу және оны облыстың жергілікті атқарушы органының (әкімдігінің) интернет-ресурсында орналастыру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастыру.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1001 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 12439) бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішінің болуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішін қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орынбасарын айқындау. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) сағат ішінде;
3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің бөлімі басшысын айқындау. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат 30 (отыз) минут ішінде;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын айқындау. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат ішінде;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің құрамындағы мәліметтердің толықтығын қарауы, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу арқылы есепке қоюы және оны көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастыруы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
6. Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының қабылданған өтініші болып табылады, ол 2-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарын айқындау туралы бұрыштама болып табылады, ол 3-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің бөлімінің басшысын айқындау туралы бұрыштама болып табылады, ол 4-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын айқындау жөніндегі бұрыштама болып табылады, ол 5-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыны агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу және оны көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастыру болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орынбасары;
4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлімінің басшысы;
5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс–қимылдардың) сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішін қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орынбасарын айқындайды. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) сағат ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орынбасары көрсетілетін қызметті берушінің бөлімінің басшысын айқындайды. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат 30 (отыз) минут ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын айқындайды. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің құрамындағы мәліметтердің толықтығын қарайды, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу арқылы есепке қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырады. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі облыстың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
| "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы


Шартты белгілер:

