Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 25.05.2017 № 785 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 1167 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3842 тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйегінде "Түркістан", "Туркестон" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Қ. Мылтықбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ә.Өсербаев |
| Түркістан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 1739 қаулысына қосымша |
|
| Түркістан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 1167 қаулысына 2 қосымша |
Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі
Айына бір балаға тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | |||
Балабақша | Мектеп жанындағы шағын орталық | Мектепке дейінгі жеке меншік мекемелер | |
қалалық жерлерде | ауылдық жерлерде | 6920 | 21042 |
39500 | 35000 | ||
