Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Май ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы "Май ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 156/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4527 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 маусымдағы № 25 аудандық "Шамшырақ" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Май ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар" тізбесінде 3) тармақша алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Б. Ысқақова |
