Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 14.02.2018 № 202 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 189 "Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5634 болып тіркелген) сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Федоров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы, | |
| аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Бекенов |
"Федоров ауданының
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" ММ басшысының
міндетін атқарушы
_________________ Н. Статьев
| Мәслихаттың 2016 жылғы 23 тамыздағы № 56 шешіміне қосымша |
Федоров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтар жинақталуының жылдық нормасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,37 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,97 |
3 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,57 |
4 | Қонақ үйлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,4 |
5 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 1,21 |
6 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,57 |
7 | Емханалар | 1 адам | 0,5 |
8 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек орын | 1,7 |
9 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,17 |
10 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 1,25 |
11 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,3 |
12 | Азық-түлік дүкендері | сауда алаңы 1 м2 | 0,6 |
13 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,5 |
14 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,4 |
15 | Азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
16 | Вокзалдар, автовокзалдар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
17 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,5 |
18 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожаңармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын | 1 |
19 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,57 |
20 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,2 |
21 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 1,2 |
22 | Аяқ киімді жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 1,2 |
23 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,35 |
