Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 20.12.2017 № 128 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыкөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кезектен тыс сессияның төрағасы | Г. Батуринец |
| Аудандық мәслихат хатышысы | К. Базарбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Сарыкөл ауданының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________________ С. Ғайсенов
"23" қараша 2016 жыл
| Мәслихаттың 2016 жылғы 23 қарашадағы № 59 шешіміне қосымша |
Сарыкөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтар жинақталуының жылдық нормасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үй иелігі | 1 тұрғын | 1,13 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,3 |
3 | Қонақ үйлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,4 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 1,21 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,57 |
6 | Емханалар | 1 адам | 0,5 |
7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек орын | 1,7 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,3 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 1,25 |
10 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,14 |
11 | Азық-түлік дүкендері | сауда алаңы 1 м2 | 0,6 |
12 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,5 |
13 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,4 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
15 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,2 |
16 | Вокзалдар, автовокзалдар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
17 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,5 |
18 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю стансалар, гараждар | 1 машина-орын | 0,3 |
19 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,3 |
20 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,2 |
21 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 1,2 |
22 | Аяқ киімді жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 1,2 |
23 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,35 |
