Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 91 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 маусымда № 6412 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 25.04.2025 № 67 қаулысымен (алғашқы ресми жариялағаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 18 – бабына, 139 – бабының 9 – тармағына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 25.04.2025 № 67 қаулысымен (алғашқы ресми жариялағаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі Қ. Ғабдулин

      КЕЛІСІЛДІ

      Қарабалық аудандық
      мәслихатының хатшысы
      __________ А. Төлебаев

  Қарабалық
  ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы 4 мамырдағы
  № 91 қаулысына
  қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 25.04.2025 № 67 қаулысымен (алғашқы ресми жариялағаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.

      2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      5) кітапханашы;

      6) библиограф;

      7) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      8) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      9) хореограф;

      10) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      11) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері;

      12) дыбыс режиссері;

      13) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);

      14) музыкалық жетекші;

      15) аккомпаниатор;

      16) ұжым (үйірме) басшысы.

      3. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) әдіскер;

      3) нұсқаушы-спортшы.

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады