Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 27.12.2019 № 435 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрайымы, № 3 сайлау | |
| округі бойынша депутаты | Б. Абдрахманова |
| Қостанай қалалық | |
| мәслихатының хатшысы | Б. Сандыбеков |
"Қостанай қаласы әкімдігінің
тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндеттерін атқарушы
__________________ О. Нургалиев
| Қостанай қалалық мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 71 шешіміне қосымша |
Қостанай қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,90 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,26 |
3 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,71 |
4 | Қонақ үйлер | 1 орын | 6,50 |
5 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,43 |
6 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,15 |
7 | Емханалар | 1 адам | 0,01 |
8 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,92 |
9 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,19 |
10 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 1,68 |
11 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар | 1 орын | 0,38 |
12 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
13 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,14 |
14 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
15 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,74 |
16 | Машиналардан сату | Сауда орны 1 м2 | 3,07 |
17 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,08 |
18 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,49 |
19 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
20 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,01 |
21 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
22 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
23 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,01 |
24 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,87 |
25 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын | 4,90 |
26 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 6,57 |
27 | Гараж кооперативтері | 1 гараж | 0,27 |
28 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,62 |
29 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
30 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,03 |
31 | Шағын жөндеу және қызмет көрсету (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 2,15 |
32 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,10 |
33 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушы | 0,09 |
34 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,52 |
