Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 12.01.2018 № 03/14 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік түріне және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2 пайыздан 4 пайызға дейінгі мөлшерде жұмыс орындары квотаңсы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Нұра ауданының әкімі | Н. Омарханов |
| Нұра ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "22" желтоқсандағы № 37/01 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы |
Жұмыскерлердің | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Нұра аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
319 |
4 |
13 |
2. | "Нұра ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
55 |
2 |
1 |
3. | "Нұра ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 76 | 2 |
2 |
