Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 01.12.2022 № 35-3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл облысы Сарысу ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту.1- тармақ жаңа редакцияда- Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 01.12.2022 № 35-3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Алып тасталды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 01.12.2022 № 35-3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау – алтыншы шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап колданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
| сессиясының төрағасы | хатшысы |
| Л. Мырзабеков | С. Бегеев |
