Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 06.03.2025 № А-03/36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Т.Ыбыраевқа жүктелсін.
3 .Осы қаулының күші 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аршалы ауданының әкімі | А.Тайжанов |
| Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 маусымдағы № А-275 қаулысына қосымша |
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 06.01.2022 № А-02 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ р/т | Өлшемшарттар |
Иеліктен |
1 | Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса | Аукцион түріндегі жекешелендіру |
2 | Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса (қызмет түрін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбек ақы бойынша берешекті өтеу және басқа шарттар) | Тікелей атаулы сату |
3 | Коммуналдық мүлікті сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу) белгілеу қажеттілігі | Тендер түріндегі жекешелендіру |
