"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 46-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 164) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 28.09.2026 № 11-1-4/538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. "Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 18 қазандағы № 221 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1396 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, № 15, 368-құжат).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы |
М. Тілеуберді |
| "Келісілді" | |
| Қазақстан Республикасы | |
| Ұлттық қауіпсіздік комитеті | |
| ______________ В. Жұмақанов | |
| 2016 жылғы 2 шілде |
| Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/263 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 28.09.2026 № 11-1-4/538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 46-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 164) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою және есептен шығару тәртібін белгілейді, сондай-ақ Қағидалар "Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою" және "Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар "Шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11240 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылатын шетел азаматтарына асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балалардың есебін жүргізуде қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелер) тиісті консулдық округтің аумағында Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді.
4. Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюдың мақсаты:
1) олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
2) олардың болу елiнiң заңнамасы, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекетi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық ғұрыптар ұсынған барлық құқықтарды пайдалануына жан-жақты жәрдемдесу.
5. Есепке қою кезінде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының азаматтарына болу еліндеде қағидалары мен шарттары және оның заңдарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіреді.
6. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін:
1) "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші деп шет елдердегі мекемелер түсініледі;
2) "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші деп Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) және шет елдердегі мекемелер түсініледі;
3) "Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою" және "Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушы деп Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматы түсініледі.
7. Министрлік осы Қағидалар өзгертілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартады және шет елдердегі мекемелерге, "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жолдайды.
2-тарау. "Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
8. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі шет елдегі мекемеге келесі құжаттарды ұсынады:
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20207 болып тіркелген) сәйкес ресімдеген Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімі немесе шет елдегі мекемесіның "Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 11-1-4/1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16354 болып тіркелген) сәйкес ресімдеген Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға шешім ресімделгені туралы хабарламасы (салыстыру үшін);
3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алудың толтырылған карточкасы (бұдан әрі – есепке алу карточкасы);
Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою үшін:
4) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алудың толтырылған карточкасы (бұдан әрі – карточка).
Құжаттарды қабылдау кезде көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттардың, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығу рұқсатының көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою үшін, өтініш "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы берілуі мүмкін.
Басқа мемлекетке уақытша тұру үшін шығатын Қазақстан Республикасының азаматтарына шет елдердегі мекемелерінің персоналы, Қазақстан Республикасына бекітіп берілген квоталарға сәйкес халықаралық ұйымдар жанындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға жіберілген әскери қызметшілер лауазымдарға тағайындалған, шетелде уақытша еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ, ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша оқуда, емделуде, туристік және жеке сапарда, шет елдерде қызметтік іссапарда жүрген адамдар жатады.
"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою" мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды және (еркін нысанда) тиісті қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті берушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс, бұған өтініш және (немесе) құжаттар "цифрлық үкімет" веб-порталы, стационарлық абоненттік құрылғы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар айқындаған өзге де цифрлық объектілер арқылы берілген жағдайлар кірмейді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.
9. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен құжаттарды бір жұмыс күні ішінде қарастырып, келесі жұмыс күні ішінде қажетті деректерді "Бүркіт" бірыңғай цифрлық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БЦЖ) енгізіп, көрсетілетін қызметті алушының паспортына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша бет бекітеді.
Көрсетілетін қызметті беруші паспортқа қосымша параққа осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мөртабан қояды немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша парақ берілмей жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы азаматының немесе оның заңды өкілінің өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші еркін нысанда жасалған есепке қою туралы анықтама береді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
10. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматынан немесе оның заңды өкілінен есеп карточкасында көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты алған кезде көрсетілетін қызметті беруші ондағы есептік деректерді түзетеді және қосымша ақпаратты "Бүркіт" БЦЖ-ға енгізеді.
11. Басқа шет елдердегі мекемелерде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматын тұрақты консулдық есепке қойған жағдайда, есепке қою туралы өтініш келіп түскен көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді орындайды, Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы бұрынғы қосымша парақты жояды және Қазақстан Республикасының азаматы есепте тұрған шет елдегі мекемеге осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде еркін нысанда хабарлама жолдайды.
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.
13. Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
14. Қазақстан Республикасының азаматы шет елдердегі мекемеден келесі жағдайда есептен шығарылады:
1) өзі немесе оның заңды өкілі шет елдердегі мекемелерге есептен шығару туралы еркін нысанда жасалған өтініш берсе;
2) оның Қазақстан Республикасының басқа шет елдердегі мекемелерінде есепке қойылғаны туралы хабарлама келсе;
3) есеп карточкасында/карточкада көрсетілген консулдық округ аумағындағы, уақытша орналасу немесе тұрақты тұру мерзімі аяқталса;
4) қайтыс болса, оның хабар-ошарсыз кеткені немесе қайтыс болғаны туралы сот шешімі заңды күшіне енсе;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылса.
15. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға келген және шет елдердегі мекемелерде есептен шықпаған Қазақстан Республикасының азаматын есептен шығаруды қағаз түрінде Министрлік немесе электрондық нысанда портал арқылы жүзеге асырылады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы есептен шығу үшін көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды береді:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) тұрақты есепке қою туралы мөртабаны бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша парақ (болған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған кезде жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарып береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес баяндалған.
Осы Қағидалардың 14-тармағы 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айтылған жағдайлар пайда болған кезде, шет елдердегі мекеме көрсетілетін қызметті алушыны осы Қағидалардың 16-тармағының бірінші жартысында қарастырылған құжаттарды ұсынусыз есептен шығарады.
17. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды және (еркін нысанда) тиісті қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті берушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс, бұған өтініш және (немесе) құжаттар "цифрлық үкімет" веб-порталы, стационарлық абоненттік құрылғы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар айқындаған өзге де цифрлық объектілер арқылы берілген жағдайлар кірмейді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.
18. Көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде, қағаз түріндегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген белгі болып табылады.
19. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі – көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші арқылы екі жұмыс күнін, портал арқылы өтініш берілсе – бір жұмыс күнін құрайды.
20. Көрсетілетін қызметті алушы шет елдердегі мекемеге жүгінген уақытта, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келіп түскен құжаттарды бір жұмыс күні ішінде қарастырып, келесі бір жұмыс күні ішінде есепке алу карточкасына/карточкаға белгі қою арқылы көрсетілетін қызметті алушыны есептен шығарып, есепке алу карточкасына/карточкада есептік деректерді түзейді және "Бүркіт" БЦЖ-ға қосымша мәліметті енгізеді. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығаруды жүзеге асыру кезінде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша параққа есептен шығарылғаны туралы жазба енгізеді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
21. Көрсетілетін қызметті алушы Министрлікке жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келіп түскен құжаттарды бір жұмыс күні ішінде қарастырады. Консулдық есепке тұру туралы ақпарат "Бүркіт" БЦЖ-да бар болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыны есептен шығару туралы қосымша мәліметті енгізіп, шет елдердегі мекемеге есепке алу карточкасына/карточкаға есептік деректерді түзету үшін хат жолдайды. Министрлік бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға консулдық есептен шығу туралы растайтын құжатты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Консулдық есепке тұру туралы ақпарат "Бүркіт" БЦЖ-да жоқ болған жағдайда, Министрлік шет елдердегі мекемеге консулдық есептен шығару туралы сұраныс жолдайды. Шет елдердегі мекеме көрсетілетін қызметті алушыны консудық есептен шығарып, Министрлікке жауап жолдайды. Министрлік шет елдердегі мекемеден жауап алғаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушыға консулдық есептен шығу туралы растайтын құжат немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
22. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының шекарасын өту фактісі және оның Қазақстан Республикасы аумағында болуы, электрондық цифрлық қолтаңбасы бар болған жағдайда көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы консулдық есептен шығу туралы хабарламаны "цифрлық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетінен алады.
23. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.
24. Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қате мәліметтерді болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару бойынша есеп шет елдердегі мекемелерге жүктеледі.
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
25. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды оны қарайтын органға жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес, тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.
| Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою қағидаларына 1-қосымша |
_________________________________________________________ (Есепке қабылдаған Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу карточкасы
1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) __________________________
_______________________________________________________________
2. Туған күні ___________________________________________________
3. Болу еліне келудің мақсаты және күні _____________________________
4. Болу елі визасының немесе басқа рұқсат құжатының мерзімі (көшірмесін қоса беру)
____________________________________________________________________
5. Болу еліндегі мекенжайы, телефон номері, электрондық поштасы
____________________________________________________________________
6. Болу еліндегі жұмыс, оқу, тағлымдамадан өту орны және тағы басқалар
____________________________________________________________________
7. Форс-мажорлық жағдай орын алған кезде жақын туыстарыңыздың немесе
достарыңыздың байланыс мәліметтері ____________________________________
Бірге тұратын кәмелетке толмаған балалар (болған жағдайда):
1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) __________________________
2. Туған күні ____________________________________________________
3. Болу еліне келудің мақсаты және күні
_________________________________________________________________
4. Болу елі визасының немесе басқа рұқсат құжатының мерзімі (көшірмесін қоса беру)
_________________________________________________________________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-
бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі
шектеулі дербес деректеріме қол жеткізуге келісімімді беремін.
Қолы ____________________ 20___жылғы "____" __________
| Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою қағидаларына 2-қосымша |
______________________________________________ (Есепке қабылдаған Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу карточкасы
1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) __________________________
________________________________________________________________
2. Туған күні
________________________________________________________________
3. Болу еліне келудің мақсаты және күні ____________________________
4. Болу еліндегі уақытша болу мерзімі ______________________________
5. Болу елі визасының немесе басқа рұқсат құжатының мерзімі (көшірмесін қоса беру)
____________________________________________________________________
6. Болу еліндегі мекенжайы, телефон номері, электрондық поштасы
____________________________________________________________________
7. Болу еліндегі жұмыс, оқу, тағлымдамадан өту орны және тағы басқалар
____________________________________________________________________
8. Форс-мажорлық жағдай орын алған кезде жақын туыстарыңыздың немесе
достарыңыздың байланыс мәліметтері
____________________________________________________________________
Бірге тұратын кәмелетке толмаған балалар (болған жағдайда):
1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) __________________________
2. Туған күні ____________________________________________________
3. Болу еліне келудің мақсаты және күні
____________________________________________________________________
4. Болу еліндегі уақытша болу мерзімі
____________________________________________________________________
5. Болу елі визасының немесе басқа рұқсат құжатының мерзімі (көшірмесін қоса беру)
____________________________________________________________________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-
бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі
шектеулі дербес деректеріме қол жеткізуге келісімімді беремін.
Қолы ____________________ 20___жылғы "____" __________
| Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою қағидаларына 3-қосымша |
"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелер) |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру шет елдердегі мекемелері, Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші) және "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
4. | Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
1) Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші арқылы – 2 (екі) жұмыс күні; |
5. | Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету түрі | электронды (ішінара цифрландырылған) / қағаз түрінде |
6. | Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет немесе уақытша есепке қою туралы хабарлама (көрсетілетін қызметті алушы "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде) www.egov.kz") немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
7. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі | Тегін. |
8. |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілердің жұмыс |
1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін. |
9. |
Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) |
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою үшін: |
10. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі; |
11. | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут. |
| Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою қағидаларына 4-қосымша |

| Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою қағидаларына 5-қосымша |

| Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою қағидаларына 6-қосымша |
"Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелер), Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік). |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру шет елдердегі мекемелер, Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші) және "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы – 2 (екі) жұмыс күні; |
5. | Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету түрі | электронды (ішінара цифрландырылған) / қағаз түрінде |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
1) шет елдердегі мекемелер мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде – қағаз/электрондық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару туралы белгі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
7. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
8. |
Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін. |
9. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) |
1) еркін нысандағы өтініш; |
10. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі; |
11. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар. |
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут. |